"Полифония-2015" балалар әдеби байқауы 1 тамыз бен 15 қазан аралығында өтеді

"Полифония-2015" балалар әдеби байқауы 1 тамыз бен 15 қазан аралығында өтеді
Фото: rudaki.ru

1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізіледі. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады. Байқау Алматыда 29-шы қазаннан 1-ші қарашаға дейін өтетін Екінші Халықаралық «Полифония» әдеби фестивалінің отбасылық бағдарламасының шеңберінде өткізілетін болады.

Мақсатымыз – жазатын балаларды табу ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың оқуға құштарлығын ояту жолындағы, кәсіби жазушылар мен әртүрлі жастағы оқырмандар арасындағы мәдени және тіл алмасу жолындағы тағы бір қадам алға басуЕң дарынды және қызықты шығармаларының авторлары нағыз жазушылармен таныса алады және олар келешекте алматылық Ашық Әдеби Мектепте білім алуы ықтимал.

Байқауға орыс пен қазақ тілдерінде шығармалар қабылданады. Байқауға келіп түскен прозалық, ақындық, драмалық шығармаларды "Полифония" фестивалінің ұйымдастыру комитетінің өкілдерінен, алматылық Ашық Әдеби Мектептің ұстаздары мен бітірушілерінен құрылған қазылар алқасы сараптайтын болады.

Жас санаттарының әрқайсысында (4-8 бен 9-11 сыныптары) 10-ға жуық үздік жұмыс таңдап алынады, олардың авторлары жазушылық шеберлікке үйрететін мастер-класстарға және марапаттау рәсіміне шақырылады. Алматыдан тыс тұратын жеңімпаздарға жүлделер пошта арқылы жіберіледі.

Шығармалар мен байқауға қатысуға өтініштер litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

Байқауға қатысу туралы ақпаратты, байқаудың ережелерін, өтініш пен қолжазбаларды безендіру ережелерін www.litfest.kz "Полифония" әдеби фестивалінің сайтынан көруге болады.

Байқаудың нәтижелерін жариялаумарапаттау дипломдары мен жүлделерді қолға беру рәсімі Екінші Халықаралық "Полифония" әдеби фестивалі кезінде (2015 жылғы 29 қазан – 1 қарашаөтеді.

"Полифония-2015" Халықаралық әдеби фестивалі Алматыда 29-шы қазаннан 1-ші қарашаға дейін Алматы қаласының мәдениет басқармасының және Almadeniet қоғамдық қорының қолдауымен өтеді. 

Қ. Бүйенбай