- Негізгі бет
- Алтын ұя
- Оқушы типтері: "қоян",...
Оқушы типтері: "қоян", "йа-йа", "жолбарыс"
«Қоян» Бұл типке жататын оқушылар тез ренжіп, үнемі алаңдап жүреді. Мақтануды, қиялдауды жақсы көреді. Бұдан өзге қоғаммен байланысты жақсы қасиеттері де бар. Әлін білмей әлек болса да, ұстазына көмектесуді, әрдайым бірінші болуды ұнатады. Барлық істі өз мойнына алып, сәтіздікке ұшыраған жағдайда жан-жақтағыларды кінәлайды. Бастаған істі аяғына дейін жеткізбесе де, сергек жүреді. Қояндар үлкендермен қарым-қатынастағы дистанция мәселесін білмейді. Шаруаларын тек өздері реттеуге ұмтылады. | ||
«Йа-йа» Кей бала жастайынан құрдастарымен ойнаудан бас тартып, үлкендермен сырласқанды, олардың әңгімелерін тыңдағанды жақсы көреді. Бірақ түйсіну қабілеті жоқ болғандықтан, өзгелердің өзіне деген қарым-қатынасы қандай екенін білмейді, айналасындағылардың сүйініш-күйінішін түсінбейді. Мұнымен қатар өзін жақсы көретін адамдарды ажырата алмайды. Ең бастысы – өзіне дұрыс баға береді. Адамдармен дұрыс сөйлесе алмайтынын, жалғыздықтарын, мінезіндегі кемшіліктерін мойындайды. Мұндай оқушыларға аутистикалық мінез тән деп айта аламыз.
| ||
«Жолбарыс» Бұл оқушылар өз эмоциясын сыртқа шығарғанды жақсы көреді. Әңгіме барысында қолдарын жиі сермеп, қиындыққа тап болған кезде дауыс көтереді. Ойнауды ұнатады. Бірақ жеңілісті көтере алмайды. Қатарластарының арасында билік жүргізіп, өзіне ұнайтын ережелерді ұсынады. Осы тілектерін орындау үшін өте әлсіз достар тобын іздейді. Олар көп жағдайда қиын тапсырмаларды орындай алмайды. Мұғаліммен жанжалдасып кетуі мүмкін. Өздерін толық бақылауға ала алмайды және тәртіп атаулысымен дос емес. Өте импульсивті келеді. Қандай жағдай болмасын төбелеске, дауыс көтеруге құмар. Яғни психологиялық және физикалық агрессия қатар жүреді. Жолбарыстар гипер белсенді болғандықтан, ұстаздарын қиын жағдайда қалдырады. |
Типологияны ұсынушы: Годунова Е.А
Жалғасы бар
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай