Мектепке бармасақ не болады?

Мектепке бармасақ не болады?

Назарларыңызға мектепке бармаған бала туралы екі мысалды ұсынамыз. Ол әрекеттің дұрыс немесе қате екенін өзіңіз айтарсыз.

Баласы мектепке баруды ұнатпағандықтан, анасы оны небары екі айдан кейін мектептен алып кетті. Күндердің күнінде ол бала «Бірге бірді қосқан кезде қанша болады?» деген сұраққа «Бір болады» деп жауап қайтарады да, артынша «Егер бір шәшке судың үстіне тағы да бір шәшке су қоссаңыз, бір шәшке сол күйінде қалады. Бірақ ішінде суы көбірек болады» деп жауабын түсіндіреді. Баланы бақылап көрген ұстаз «Дымбілмес» деген баға береді.

Осы сәттен бастап бұрын мұғалімдік қызметте болған анасы баласын өзі оқытуға кіріседі. Ол кісінің сабақтары бірінші сынып оқушысына сай келмейді. Баласына ғылым туралы кітаптар оқып береді. Бала 10 жасында үйінің жертөресінде зертхана жасап, химиялық, физикалық тәжірибелер жүргізеді. Алайда бұған әкесі қарсылық танытып, оған тарих туралы кітап оқығанында ақша беретіндігін айтады. Бала ол кітаптарды да оқып, ақша жинап, зертханасына қажетті жабдықтар сатып алады. 12 жасында газет пен кәмпит сатуға аттанады. Ал рейстер арасында бос уақытта бала уақытын кітапханада өткізеді. Ол кітапханадағы бар кітаптардың барлығын санап шықпақ болады. Тәжірибелік жұмыстарын да тастамай, оларды вагонның ішінде жүргізеді. Сол жерде арнайы құрылғы жасап, жолаушыларға арналған алғашқы газетті жариялайды. Газетті таратуға құрдастары көмектеседі. Осылайша дауыс жазу, шам, телефон, телеграф, кино камера секілді түрлі құрылғылар жасап шығаруға мүмкіндігі туады. Осы күндері АҚШ-ның 1093 патенті бар. Ал баланың есімі – Томас Эдисон. Ол өмірінің соңында «Мен мектепке бармағандықтан, өнертапқыш болдым» деп жазған екен.

Екінші бала мектепке аз уақыт қана барады. Оның отбасының кедей болғаны соншалық, барлығы аптасына 1 бөлке нанды бөлісіп жейтін болған. Бала 13 жасында кітап түптеушінің жанында жүріп, физика мен химияға қатысты барлық кітаптарды оқып шығады. Электр қуаты жайында да осы кітаптардан біледі.

Күндердің бір күнінде бұл баланың ғалымдарға арналған кітапты оқып отырғанын көрген профессор қатты таңқалып, Дэви есімді химиктің 4 дәрісіне билет алып береді. Қатты қуанған бала алдымен оған ғылымды сүйетіндігін, бірақ қалай айналысуды білмейтіндігін баяндайтын хат жібереді.

Дэви кітап түптеушіні жұмысқа алып, бұл баланың есімі Майкл Фарадей екенін мақтанышпен айтады.

Біздің электр қуаты сынды құбылыстарға үйреніп кеткендігіміз соншалық, оның қайдан алынатындығына да мән бермейміз. Мұнымен қатар табиғатта электр қуаты жоқ. Егер оны табиғи жолмен өндіруді жөн көрсек, найзағайды ұстап, денеміздегі түктерді бір-бірімізге үйкеумен күніміз өтер еді. Ең алғаш электрді жасанды жолмен алу заңын осы Фарадей ойлап тапқан.

Аяулы оқушылар, жоғарыдағы келтірілген мысалдан Фарадей мектепке барғанда біз жарықсыз отырар едік дегенді айтқымыз келмейді, бар болғаны мұның барлығы да олардың білімге, ғылымға деген құштарлығынан туған екендігін баяндадық. Олар сабаққа барғысы келмегендіктен емес, жағдайының болмағандығынан немесе дәрежесінің сәйкес келмегендігінен  осындай қадамға барды.

Ғалымдар мен философтардың айтуынша, адам өзін өзгелерге арнаған кезде ғана бақытты сезінеді. Ал өзімізді өзгеге арнау үшін біздерге мейірімді жүрек пен мықты білім қажет.

Ал Сіз мектепке бармасақ не болады деп ойлайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:zerde-informa.ucoz.org 

Қ. Бүйенбай