ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдістері

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдістері
Фото: freepik.com

ҰБТ – жауапкершілікті қажет ететін, бала шағыңнан болашағыңа жасайтын үлкен қадам, маңызды сынақ. Алған білім дәрежеңмен жоғарғы оқу орнын да таңдауға мүмкіндігің болады. ҰБТ-дан қалай жоғары балл алсам болады, депрессияның тұтқыны болмас үшін қандай әрекеттердің ұшынан ұстауым керек? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын тапқыңыз келсе, ҰБТ-ға дайындықтың ең тиімді жолын, ең ұтқыр кеңестерін пайдаланғаныңыз жөн.

ҰБТ және мотивация

Мотивация – адамның ішкі жан дүниесін, ой-санасын, миын кезіп жүретін, оның алға ұмтылуына септігін тигізетін еріксіз күш. Бұл сөз оңай айтылады. Дегенмен өзін жігерлендіретін түлектер қатары сиреп кеткен. Бізге сенсең, көпшілік өзін-өзі мотивацияландыра алмайды. Ең қиыны, олардың өз мақсаттары да жоқ. ҰБТ-ны нендей мақсатпен тапсыратынын түсінбейтіндер де жоқ емес. "Жоғарғы оқу орнына түссем болды, қалғаны өз жөнімен" деп өзін еркіне жіберетіндер де жетерлік. Ал енді сөздің төркініне келсек, мотивацияны адамдар әр нәрседен іздейді. Бірі – кітаптардан, енді бірі – жігерлендіретін – фильмдерден, я болмаса мотиваторларды да тыңдауды жөн санайды. Иә, бұл да дұрыс. Дегенмен осы тәсілмен алған мотивацияның ғұмыры тек 3 тәулікке ғана жетеді. Одан кейін "әрекеттің берекеті болады" деу қиын. Кез келген сынақты оңай өткеру үшін әр адам өз өткен өмірінен мотивация алса жеткілікті. Мұндай мотивация жақсы өмір сүруіңнің – ең ұтымды тәсілі.

♦ Уақытты тиімді басқару

Үздіксіз кітаптан бас алмай, таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін дайындалу, жақсы нәтиже бермейді. Себебі барлық сабақты бір күнде оқу, сан түрлі сұрақтарға бір күнде жауап табу мүмкін емес. Таптың делік, оқыдың, алайда ол сенің миыңда ұзақ уақыт тұрақтамайды. Миға түскен күш әсерінен жаттаған мың бір сұрағыңның, ары кетсе 10-ы есіңде қалады. Сол үшін уақытты тиімді басқару қажет. 1 пәнге 1.5-2 сағат жұмсау арқылы, бір тәулікте 6-7 сағатыңды дайындық көзіне айналдыр. Қалған уақытта қыдыр, серуенде, бойыңды сергіт.

♦ Сұрақ жаттаудың оңай жолы

Ұзақ мәтінді оқып, оны түгел жаттап алу – өте қиын. Сондықтан кесте құру арқылы, инфографика, түрлі карталар, интерактивті тақталарды қолдану арқылы жүргізілген дайындық жемісті болады.

♦ Қатемен жұмыс жасау – жақсы нәтиженің кепілі

Тестте жіберген қателіктерді қарап, түзету енгізіп, қайта жаттауға көбі ерінеді. Ал оның қаншалықты пайдалы екенін олар түсінбейді. Жіберген қателікті қайталамау – өте маңызды!

♦ Дұрыс режимді қолға алу 

ҰБТ-ға дайындалу, тамақтан, ұйқыдан бас тарту дегенді білдірмейді. Мида релаксты қажет етеді. Миға сақталған жаңа жауаптар ұзаққа тұрақтау үшін қатты күш түсіруге болмайды.

♦ ҰБТ-ға арналған курстар 

Қазақстанда неше түрлі онлайн, оффлайн курстар бар. Сенуге тұрарлық курстардан бас тартпаған жөн. Ондай курстардың пайдасы зор.

Ал сіз ҰБТ-ға қалай дайындалып жүрсіз?

А. Шопанова