Жұлдыз жорамал: Баланы спорттың қай түріне беруге болады? #2

Жұлдыз жорамал: Баланы спорттың қай түріне беруге болады? #2
Фото: massaget.kz

Спорттың адам өміріне пайдасы мол екенін білеміз. Спортқа деген қызығушылықты бала бойына кішкентай кезінен бастап сіңірген жөн. Баланы спорттың қандай да бір түріне берерде ата-ана бірнеше мәселелерге тап болады: баланың қалауы, секцияға кететін шығын және жол мәселелері бір-біріне сай келмеуі мүмкін. Ал балалар жұлдыз жорамалы не дейді? Жұлдыз жорамал арқылы балаңыздағы сіз білмейтін қабілетін көруіңіз немесе балаға сіз таңдаған спорт түрі не үшін ұнамайтынын түсінуіңіз мүмкін.

Басы

БИКЕШ: мәнерлеп сырғанау

Табиғатынан ұқыпты Бикештер жарақат алатын спорт түрлеріне жоламауға тырысады. Оларға футбол, волейбол немесе баскетбол секілді командалық спорт түрлері келмейді. Жекпе-жек сияқты спорт түрлері де Бикештерге ұнамайды, себебі олар қандай жағдайда болмасын біреуге күш жұмсауды қолдамайды.

Велосипед спорты, шаңғы, шахмат, мәнерлеп сырғанау және гимнастика – бұлардың барлығы Бикештерге сай келетін спорт түрлері. Сондай-ақ, Бикеш балалар үлкен теннисте және гольфте өздерін жақсы көрсетеді.

Бикештер үшін мақтау естудің маңызы зор: Бикештердің көпшілігі "үздік оқушы синдромымен" қиналады. Олар үшін қандай да бір істің өзі емес, нәтижесі қалай бағаланатыны маңызды. Сондықтан Бикештер жаттығу залына бірінші келіп, ең соңғы кететіндердің қатарында болады.

ТАРАЗЫ: жылдамдықты жақсы көреді

Таразылар өмірде жеке жайлылықты аса бағалайды. Оның үстіне Таразы балалар жалқау келеді және физикалық жүктемені нашар көтереді, сондықтан спортты хобби ретінде өте сирек таңдайды.

Бұл балалар жылдамдықты жақсы көреді. Олар көлікте отырғанды, ата-анасының көлік айдағанына қарағанды ұнатады және жақсы жарысушы болып өсуі мүмкін.

Егер балалар тобында (мысалы, балабақша, мектеп) ересек адам одан басқаларының бәрін мақтаса, оны Таразы бала ауыр қабылдайды. Таразылар өзіне айтылған сынды немесе одан басқаларға айтылған қолдауды ауыр сезінеді. Егер балаңыз кенеттен физикалық белсенді (таңертең жүгіру немесе қосымша сабаққа бару) бола бастаса, бұл оған біреу жағымсыз бірдеңе айтқанын немесе басқаны үлгі етіп қойғанын білдіреді.

Мұндай уақытта ата-ана оған жан-жақты қолдау көрсетуі керек: жүгіргісі келсе – жүгірсін, билегісі келсе – билесін. Ол үшін маңызды жарыстар мен кештерге барыңыз, балаңызды мақтаңыз.

САРЫШАЯН: биіктіктен қорықпайды

Сарышаяндардан атлеттер сирек шығады: олар бір ғана нәрсемен шұғылданудан тез жалығады. Ал триатлон мен бессайыста олар өздерін жақсы көрсетеді. Сарышаяндар табиғи "қаталдығын" семсерлесу, ату және жарысуда, ал ақылын шахмат ойнауда жақсы пайдаланады.

Бұл жұлдыз белгісі су стихиясына жатса да, олар судағы спорт түрлерін сирек таңдайды. Олар энергиясын жерге жібергенді ұнатады. Сарышаяндар тауға шыққанды және экстрималдық туризмді жақсы көреді. Олар биіктіктен қорықпайды.

Сарышаяндарға жаттықтырушымен және мұғаліммен жақсы қарым-қатынаста болу қиынға соғады. Егер Сарышаян бала ересек адамның беделін мойындаса, оның артынан еріп, оның әр қимылын қайталайды. Бірақ егер Сарышаян бала мұғалімінен тәнті болардай ештеңе байқамаса, ол бір грамм болсын сыйластық білдірмейді. Сарышаян баланың табиғаты мынадай: ол біреуге тек жасына немесе қоғамдағы орнына бола бағына немесе сыйлай алмайды.

МЕРГЕН: ат спорты

Мерген балалар белсенді демалысты жақсы көреді. Олардың басты екі құмарлығы бар: жылдамдық және жарысу. Олар үнемі, кез келген жерде және барлығымен жарысады. Бұл жағынан олар Арыстандарға ұқсайды.

Мергендер кішкентай кезінен спортпен белсенді айналысады. Оның үстіне, экстремалды жаттығуды таңдайды. Олардың жанына  велокросс, альпинизм, шаңғы, жүзу, семсерлесу және парашют спорты жақын.

Балаңыздың денсаулығын ойлап, уайымдасаңыз да, оны шектеудің қажеті жоқ. Себебі сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да, олар ойлаған ісімен айналысудың амалын табады. Одан да оған қолдау білдіріңіз және спорттың қандай да бір түрі туралы ақпарат беріңіз, мүмкін тәуекелдер жайлы айтыңыз. Мерген балалар батыл келеді, сондықтан оның өзіне деген сенімін жоғалтпаған жөн.

Мерген балалар аттарды ерекше жақсы көреді. Сондықтан олар ат спортымен шұғылданғанды ұнатады.

ТАУЕШКІ: командалық спорт түрлері

Тауешкі балалар өздерін командалық спорт түрлерінде (волейбол, баскетбол, футбол) жақсы сезінеді. Олар жеңіл атлетика мен ату спортында да жақсы нәтижеге жетеді. Ал қан тамырларға күш түсетін спорт түрлерінен сақ болу керек.

Тауешкілер жаяу туризмге және альпинизмге жақсы қарайды. Сондай-ақ, олар саяжайда өздерін жақсы сезінеді. Әсіресе, шарбақ бояу және жүйек қазу секілді істермен айналысу арқылы олардың жан дүниесінде тыныштық орнайды.

СУҚҰЙҒЫШ: батутта секіру

Суқұйғыш балалар темпераменті бойынша екі типке бөлінеді. Бірінші топтағы балалар тыныш уақыт өткізгенді жақсы көреді және өнерді бағалайды: билеу, сурет салу, ән айту немесе музыкалық аспаптарда ойнау. Олар поэзияны жақсы көреді, көп оқығанды және үстел ойындарын ойнағанды ұнатады.

Екінші топтың балалары – белсенді балалар. Мұндай Суқұйғыштар айналасына өзіне ұқсайтын адамдарды жинап алып, үйінің төңірегін зерттеп, тәжірибелер жүргізеді. Бұл балалар сағаттап бірдеңе іздейді, қазады, жөндейді, өртейді, кеседі және бөліктерге бөледі т.б.

Бұл жұлдыз белгісі балалары белсенді болғандықтан жиі спорттың қауіпті түрлерін таңдайды. Бірақ Суқұйғышты жеке қауіпсіздігін бағалауды үйрететін адам табылса, бұл жағдай бірден өзгереді.

Бұл кішкентай спортшылар өздерін жақсы сезіну үшін оларды үлкен теннис, биатлон, бадминтон, спорттық гимнастика және батутта секіруге беруге болады. Сондай-ақ олар суды жақсы көреді, сондықтан жүзуге де қатыстыруға болады.

БАЛЫҚТАР: судағы спорт түрлері

Бұл балалалардың суды жақсы көретіні соншалық, нәтижесі де ұзақ күттірмейді. Жүзу, мәнерлер жүзу, су полосы, суға секіру, серфинг – мұның барлығы Балықтарға арналған спорт түрлері.

Балықтар лидері бар (ол капитан немесе жаттықтырушысы болуы мүмкін) жерде өзін жақсы сезінеді. Себебі олар өздігінше шешім қабылдағанды ұната бермейді.

Қаталдық пен құмарлық бұл жұлдыз белгісіне тән емес. Егер балаңыз Балық болса және оның жеңімпаз болғанын қаласаңыз, оны тәрбиелеуде қатал болмаңыз. Оны қинап, үнемі басқалармен салыстыру арқылы оның өзін-өзі бағалауын түсіріп аласыз.

А. Жапатова