Спорттың адам өміріне пайдасы мол екенін білеміз. Спортқа деген қызығушылықты бала бойына кішкентай кезінен бастап сіңірген жөн. Баланы спорттың қандай да бір түріне берерде ата-ана бірнеше мәселелерге тап болады: баланың қалауы, секцияға кететін шығын және жол мәселелері бір-біріне сай келмеуі мүмкін. Ал балалар жұлдыз жорамалы не дейді? Жұлдыз жорамал арқылы балаңыздағы сіз білмейтін қабілетін көруіңіз немесе балаға сіз таңдаған спорт түрі не үшін ұнамайтынын түсінуіңіз мүмкін.
ТОҚТЫ: жекпе-жек немесе футбол
Тоқтылар шыдамсыз болатындықтан оларға әуесқойлығын анықтауға ұзақ уақыт кетеді. Бала спорттың қай түрімен шынымен айналысқысы келетінін анықтау кезінде бастысы, ата-ана шыдамды болуы керек. Егер ол сүйікті ісін қайта-қайта ауыстырса, оны кінәраттамаңыз. Ерте ме, кеш пе ол өзіне арналған істі табады және оған барлық күшін жұмсайды.
Оған бірнеше таңдау ұсыныңыз, бірге байқау сабақтарына қатысыңыз және әр спорт түрінің артықшылықтары туралы айтыңыз.
Кішкентай тоқтылар агрессияшыл болып келеді, сондықтан өз қызығушылығын басқаларға зиянын тигізбей қорғауды үйретіңіз. Егер балаңыз жекпе-жекті таңдаса, күшін қай уақытта және қалай қолдану керегін айтыңыз.
Еліміздің атақты боксшылары Генадий Головкин мен Бекзат Нұрдәулетовтің жұлдыз жорамалы тоқты екенін ескерте кетейік.
Бұл жұлдыз жорамал белгілеріне жекпе-жектен басқа футбол, теннис, судағы поло, семсерлесу, бокс, конькимен жүгіру спорты және хоккей жақсы келеді. Тоқты балалар шаңғы, коньки және тақта тебуді ерте үйреніп алады: олар жылдамдықтан қорықпайды.
ТОРПАҚ: шыдамдылықты қажет ететін спорт түрлері
Торпақтар табиғатынан құмарпаз емес және жарысқанды жақсы көре бермейді. Олар спортпен көбіне тек әуесқойлық деңгейде айналысады.
Торпақ бала өзі беделді деп санайтын адамның пікіріне құлақ түреді. Егер сол адам оны жаттығуға қызығушылығын оятса, онда ол спорттық мансапқа шынымен мән беруі мүмкін. Жаттықтырушысының мақтауы, ата-анасының үміті, жетекшісінің пікірі – бұлар үшін Торпақтар күшін де, уақытын да аямайды.
Бірақ Торпақ балаға қандай да бір іс санасыз деңгейде сай келмесе, оны қанша мақтағанмен оның ішіне негативті сезімдер жинала береді. Бала ортақ игі үшін ол іспен шұғылданып жүргенмен, нәтижесінде тұйықталып кетеді. Сондықтан Торпақ баладан оның өз қалауын сұрап, оның пікіріне құлақ түріңіз.
Бұл жұлдыз жорамал белгісіне жылдамдықты емес, төзімділікті қажет ететін спорт түрлері жақсы келеді. Ол ұзындыққа жүгіру, көп сатылы жарыс, шаңғы тебу, велокросс және садақ ату болуы мүмкін.
Спорт түрін баламен бірге таңдаңыз: оған жаттығудың пайдасы және ұлы спортшылардың жетістіктері туралы айтыңыз.
ЕГІЗДЕР: спортқа ғашық болуы керек
Бұл жұлдыз жорамал белгісінің балалары спортқа келгенде екіге бөлінеді: салмақты бала физикалық күші мен төзімділігін арттыратын істі таңдаса, белсенді егіздер артық энергиясын жұмсауға болатын спорт түрін таңдайды. Бірінші топтағы егіздерге жекпе-жек, жүзу, спорттық гинастика, шаңғы немесе сноуборд келеді. Ал жеңіл атлетика, жүгіру, велокросс және тауға шығу – екінші топтағы егіздерге арналған спорт түрлері.
Егіздерден атақты спортшылар өте сирек шығады. Себебі олар табиғатынан нәтижеге тез немесе оңай жетпесе, бастаған ісін аяқтамай қояды. Бірақ олар қандай да бір спорт түріне ғашық болса немесе жаттықтырушысын аса құрметтесе, жетістікке міндетті түрде жетеді.
ШАЯН: серфинг немесе есу
Шаяндар қырсық болады. Олар біреумен сөзге келеді, араласпай қоюы мүмкін, тіпті, төбелесуі де мүмкін, бірақ олар өз ұстанымдарынан қайтпайды. Олардың осы қасиеті спортта және әуесқойлығында жетістіктерге жетуге көмектеседі.
Шаяндарға танымалдылық керек емес, олар "дұрыс жасасаң – нәтижесі дұрыс болады" принципін ұстанады. Алдына мақсат қоюдан басқаларын озып шығады.
Олар суды жақсы көреді: шаяндар жүзу, су полосы, есу, серфинг және желкенді спортты жақсы көреді. Сонымен қатар, Шаян балалар шахматта ойнағанды, велоспортты және тауға шығуды ұнатып кетеді.
АРЫСТАН: гимнастика немесе семсерлесу
Арыстан ұлдар да, қыздар да өздерін спорттық алаңда жақсы көрсете алады. Ерекше ерік күші, қасарушылығы және жеңіске бағытталуы Арыстандарды кез келген спорт түрінде жетістікке жеткізеді. Оларға табиғатынан өмірлік энергия берілген. Олардың қолдарынан , әсіресе, спорттық және көркемдік гимнастика, жекпе-жек және семсерлесу жақсы келеді. Сондай-ақ, оларға командалық спорт түрлері де ұнайды: футбол, баскетбол және волейбол. Бірақ Арыстандардың бір кемшілігі – олар жалқау келеді: бұл қасиеті оның спорттық мансабына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан Арыстан баланы ата-анасы кішкентайынан жалқаулыққа берілмей, үнемі еңбек етуге баулу керек.