Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады?

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады?

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады?

Биылғы оқу жылы мұғалімдердің, студенттердің және олардың ата-аналарының өміріне айтарлықтай өзгерістер әкеледі. 1 қыркүйек қарсаңында Tengrinews.kz редакциясы жаңа оқу жылындағы маңызды жаңалықтармен бөлісуді жөн көрді.

1 қыркүйекте мұғалімдер жұмысқа шықпауға құқылы
Биылғы 1 қыркүйек жексенбіге келеді. Бұл күні мұғалімді жұмысқа тарту үшін оның жазбаша келісімі қажет. Мұның орнына мұғалім басқа уақытта демалыс алуына болады немесе қызметкердің күнделікті (сағаттық) ставкасына сүйене отырып кемінде бір жарым есе төлемақы талап етуіне болады. Егер қызметкер 1 қыркүйектен бастап келуден бас тартса, онда бұл еңбек тәртібін бұзу болып саналмайды. Бұл үшін мұғалімдер жауапқа тартылмайды.

Ұстаздардың жалақысын екі есе көбейтеді
Бұл шындық, бірақ бірден емес, төрт жылдың көлемінде көтерілетін болады. Билік білім беру жүйесіне білікті кадрларды тарту үшін және қоғамдағы ұстаз мәртебесін көтеру үшін жалақыны көбейтуді көздеп отыр.

Алматыдағы ұстаздарға пәтерлер мен көліктер сыйға тартылады
Ең білікті ұстаздарға сыйға беріледі. Жергілікті билік мұны ынталандыру деп атады. Қалада үздік мұғалімдерді анықтау конкурсы жарияланады. Жеңімпаздар келесі жылы - кәсіби мереке қарсаңында марапатталатын болады.

Оқушыларға оқулықтарын күнделікті арқалап жүрмеуге рұқсат етілді
Ата-аналары мен балалардың оқулық тасымауы өз еркінде болады.Оқушылар оқулықтарды мектепке қалдыруына болады немесе кітаптардың электронды нұсқаларын қолдана отырып, сол жерде пайдалана алады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі "Жеңіл портфель" концепциясын әзірлейді.

Оқу процесіне жаңа пәндер енгізіледі
Жоғары сынып оқушылары "Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін" оқи бастайды. Олар түрлі жағдайларды талдауға үйренеді - мысалы, кейбір қазақстандық блогерлердің қаржылық жетістіктерінің себептерін анықтау . БҒМ мәліметінше, оқулық пен әдістемелік құралдарды дайындауға танымал кәсіпкерлер де қатысқан. Жаңа тақырып кәсіпкерлікті оқытудың біртұтас еуропалық стандарттарына сай және бірыңғай материалдарды қолдануға бағытталған. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларына "Графика және дизайн" және "Бастапқы әскери және технологиялық дайындық" пәндері оқытылады. Бұрынғы "Сызу" және "Әскери дайындық" (АӘД) пәндерінен айтарлықтай айырмашылықтары бар. Студенттер арнайы бағдарламалардың көмегімен дизайн жасайды. Бұл болашақ сәулетшілер мен дизайнерлер үшін үлкен көмек болады. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында олар инженерлік және робот техникасына баса назар аударады. Бұрын граната көп лақтырып, машина бөлшектеумен шектелетін.

Ағылшын тілін қайта бесінші сыныптан бастап оқытуға болады
Президент ағылшын тілін үйренуді 2-3-сыныптан бастауға немесе ата-аналардың келісімімен бесінші сыныптан бастауға болатындығын айтты. Тоқаев бұл өзгерісті орынды және ұтымды деп санайды.

Ата-аналарға жұмыс дәптерлерін сатып алуға тыйым салынды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың пікірінше, қарапайым дәптерлер оқу процесіне жеткілікті. Сондықтан ол мұғалімдерден ата-аналарды жұмыс дәптерлерін сатып алуға мәжбүрлемеуін өтінді. Мұғалімдерге бес күндік жұмыс күні ұсынылды Министрлік мұғалімдер сенбі күнін өз қалауы бойынша қолдана алады деп есептейді. "Егер мектеп бес күндік жұмыс күніне ауысса, мұғалім сенбі күнін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Мұғалімдер оны үйде отбасымен өткізе алады", - деді министр.

Мектептер смайликтер түрінде бағалаудан бас тартады
Білім және ғылым министрлігінде мұндай эмоционалды түрдегі бағалау жүйесі ата-аналар мен мектеп оқушыларының арасында түсініспеушілік тудырады деген шешім қабылдады. Мұғалімдер әдеттегі бағалауға көшеді.

Мұғалімдерді "өздеріне тән емес қызметке" тартқаны үшін айыппұл салынады
Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерді пайдасы жоқ есептерден және кәсіби қызметке байланысты емес жұмыстардан қорғауға ниет білдірді. "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған (50 500-ден 303 000 теңгеге дейін). "Материалдық және материалдық емес ынталандырулардан басқа, сенбіліктер мен басқа да іс-шараларға қатысатын мұғалімдер туралы айтылады. Бұған жол бермеу үшін біз осындай шешім қабылдадық", - деді Аймағамбетов.

Мұғалімдер еңбек демалысын 56 күнге дейін ұзарта алады
Бұл "Ұстаз мәртебесі туралы" заң қабылданғаннан кейін мүмкін болады. Заң жобасында осындай ұсыныс бар. Құжатта қолдаудың басқа да жан-жақты шаралары көрсетілген. Мәселен, жүктемені азайту, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау, сыныпты басқаруға қосымшаі қаржылық ынталандыру, дәптерлерді тексеру және магистр дәрежесіне қосымша ақы төлеу. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде айтты.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 31 тамыз, 13:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.