Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Мектепке дайындық: Бірінші сынып оқушысына қажет заттар

Мектепке дайындық: Бірінші сынып оқушысына қажет заттар

Мектепке дайындық: Бірінші сынып оқушысына қажет заттар

Ата-ана балаға мектеп таңдап, оны тіркеген соң оған қажетті заттар алуға кіріседі. Бірінші сынып оқушысына қажетті заттар тізімін ұсынамыз.

Мектеп формасы

Баланы мектепке қабылдағанын білген кезде ата-ананың бірінші ойына келетіні – мектеп формасын сатып алу. Мектеп формасын таңдарда 3 нәрсеге мән беру қажет:

1. Мектеп формасының түсі. Мектептердің көпшілігінде өз формасы бар. Әр мектеп формасының өзіне тән пішіні немесе түсі болуы мүмкін. Өндірушілер мектеп формасының жасыл, қызыл, торлы, жолақты түрлерін ұсынуда. Сондықтан мектеп формасын сатып алмас бұрын сынып жетекшісінен мектепте қандай форма кию ұсынылатынын біліңіз.

2. Мектеп формасының элементтері. Қыздарға арналған мектеп формасы әдетте пиджак, ақ жейде және белдемшеден тұрады. Бірақ қосымша арнайы сарафан және жилет алуға болады. Ал ұлдардың мектеп формасы пиджак, шалбар, ақ жейде және кейде жилеттен тұрады. Егер сіз таңдаған мектепте бұл қосымша киімдерді кию қатаң сақталмаса, баланы артық киіммен қинамаңыз. Оның орнына жылдам әрі оңай киіліп-шешілетін киімдер таңдаңыз. Сонымен қатар, ұлдар шалбарының беліне мән беріңіз: ол резеңкелі болғаны жөн. Бірінші сынып оқушысына белбеу арқылы тағылатын шалбар ыңғайсыз болады.

3. Матаның құрамы. Өндірушілер мектеп формасына табиғи маталар қолдануға тырысады, бірақ сонда да матаның құрамын мұқият тексеруді ұмытпаңыз.

Мектреп формасын міндетті түрде баламен бірге жүріп алыңыз. Ол баланың өзіне ұнауы тиіс және оған ыңғайлы болуы қажет.

Аяқ киім

Бірінші сынып оқушысының аяқ киімі табиғи, ыңғайлы, оңай киіліп-шешілетін және баусыз болғаны дұрыс.

Рюкзак

Бірінші сынып оқушысына сапалы әрі дұрыс рюкзак таңдау маңызды. 6-7 жасар баланың сүйек және бұлшық ет жүйесі әлі де толық қалыптаспағандықтан иыққа жүктеме дұрыс түспесе, сколиоз пайда болуы әбден мүмкін. Рюкзак сапалы, сыртқы өлшемі шағын, алайда іші кең болуы керек.

Кеңсе тауарлары

Әрине, бірден баламен бірге дүкенге барып, түрлі түсті әрі әдемі қаламдар мен дәптерлерді көптеп алғыңыз келеді. Бірақ олар бекерге алынған болуы мүмкін. Алдымен сынып жетекшісінен не қажет екенін және қандай ереже барын біліп алыңыз. Себебі кей мектептерде ата-аналар комитеті ақша жинап, оқушыларға бірдей кеңсе тауарларын алады.

Бірінші сынып оқушысына қажет заттар шамамен мынадай:

- сыйымды қаламсауыт;
- 12-беттік 10 жолақ дәптер;
- 12-беттік 10 тор дәптер;
- дәптерге арналған қаптама;
- кітапқа арналған қаптама;
- көк қалам;
- түрлі түсті қарындаш;
- қайшы;
- өшіргіш;
- пластилин;
- түрлі түсті қағаз;
- қарындаш-желім;
- гуашь бояулары;
- қылқалам;
- сурет салуға арналған альбом;
- күнделік (кей мектептер электронды күнделікке көшті).

Спорттық форма

Егер мектепте жалпыға ортақ талап болмаса, әдетте спорттық форма ретінде мына киімдерді алады:

- спорттық костюм;
- бірнеше футболка;
- кроссовка;
- арнайы қап-сөмке.

Жұмыс орны

Құрметті ата-аналар, кішкентай мектеп оқушысына жұмыс орнын дайындауды ұмытпаңыздар: сабақ оқитын үстел мен орындық және мектеп заттарын салатын тартпалар болуы керек. Баланың сабақ оқитын үстелін жарық дұрыс түсетін жерге қою керек. Бірінші сынып оқушысы әлі де ойнағысы келетін бала екенін ұмытпаңыз. Сондықтан оның жұмыс орнын креативті етіп безендіріңіз. Бұл орын балаға ұнауы тиіс.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: ru.freepik.com
Қосылған күні: 26 тамыз, 12:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.