Биыл мектептерде "алғашқы қоңырау" жексенбіде соғылады

Биыл мектептерде "алғашқы қоңырау" жексенбіде соғылады

Қазақстан мектептерінде "алғашқы қоңырау" аптаның жексенбісінде соғылады.

Салтанатты жиын 1 қыркүйекте Қазақстанның барлық мектебінде өтеді. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растады.

- Жиын 1 қыркүйекте өтеді, алайда бұл күні оқушылар сабақ оқымайды, – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

"Білім туралы" Заңға сәйкес, бірінші сыныпқа Қазақстандағы балалар 6 жастан бастап барады.

Осы орайда айта кетейік, 2018-2019 оқу жылында еліміздегі 7024 мектептің табалдырығын 3 миллионнан астам оқушы аттады.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар