Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Кениялық мұғалім әлемдегі үздік ұстаз атанды

Кениялық мұғалім әлемдегі үздік ұстаз атанды

Кениялық мұғалім әлемдегі үздік ұстаз атанды

Дубайда әлемдегі үздік ұстаздарды анықтайтын Global Teacher Prize премиясы лауреаттарының марапаттау рәсімі өтті. Оның биылғы жеңімпазы кениялық Питер Табичи (Peter Tabichi) атанды. Ол премиядан жеңіп алған $1 миллионды мектептегі компьютер лабораториясына жұмсамақ. 

Табичи Пвани елді мекенінде математика мен физикадан сабақ береді. Мектепте интернеті нашар бір компьютер бар көрінеді және бір мұғалімге 58 оқушыдан келеді. Ауылдағы балалардың үштен бірі жартылай жетімдер. Табичи ұстаз өз жалақысының көбін осы отбасындағы жағдайы нашар балаларға жұмсайды екен. Оларға арнап қосымша сабақтарды тегін береді. Ол мектептегі кітап тапшылығынан интернет-кафеде өз ақшасына материалдарды басып шығаруға мәжбүр.

Табичи премиядан жеңіп алған сыйақысын мектептегі компьютер лабораториясын жасақтауға, талантты оқушыларды қолдауға, сондай-ақ шөлге төзімді дақылдар өндірісіне жұмсамақ. 

Global Teacher Prize премиясын 2015 жылдан бері үндістандық ірі қайырымдылық қоры ұйымдастырып келеді. Биыл ұйымдастырушылар 179 елден 10 мыңнан аса өтініш қабылдаған.

0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: globalteacherprize.org
Қосылған күні: 26 наурыз, 08:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.