Көшіру неге зиян?

Көшіру неге зиян?
Фото: theusaconsult.com

Оқу жылының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Демек, бізді алда емтихандар күтіп тұр. Емтиханмен бірге сәттілік те, сәтсіздік те қатар жүреді. Өз біліміне сенетіндер дайыныдықты күшейтсе, жыл бойы оқуға уақыт бөлмегендер көшірудің амалдарын қарастыра бастайды. Бірақ, сол көшіру сізді бір емтиханнан аман алып шыққанымен оның сіздің өміріңізге тигізетін зиянын білесіз бе?
• Алдау: Өзгенің жұмысын өзімдікі  деп беру – алдау. Тіпті, досыңыз көшіруге өз еркімен берсе де сіз мұғалімді алдадыңыз. Ал, жасырын түрде ұрлап алсаңыз, досыңызды да алдадыңыз. Егер, мұғалім бұл әрекетіңізді біліп қойса, сіздің жұмысыңызды да, қасыңыздағы серігіңіздің жұмысын да жоққа шығарады.
• Ойланбау: Жеңіл жұмысқа етіңіз әбден үйреніп қалады. Ойланбастан әрекет ететін боласыз. Мысалы, партада отырып бәрін дұрыс істегініңізбен, сіздің шынайы нәтижесіңіз жалғыз қалғанда анық көзге түседі. Сондықтан, мұғаліміңіздің сізге деген сенімі аяқ асты болады.
• Әдет: Ең жаманы егер көшіру жұмысы аңғарусыз, жазасыз қалса, оқушы (студент) мұны қайта істейтін болады. Жұмысты өз еркімен жасауға мүмкіндігі мен уақыты бола тұра көшіруды жөн санайтын болады.

Мүмкіндігіңіз болса, көшіруден аулақ болыңыз. Көшіру – сананы бір сәтке улап тастайтын жағымсыз әдет.

Т. Есқали