Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Ұстазға кеңес: Оқушыны жігерлендіру

Ұстазға кеңес: Оқушыны жігерлендіру

Ұстазға кеңес: Оқушыны жігерлендіру

Балаларды қалай жігерлендіруге болатынын білесіз бе? Бұл мәселеге тап болғансыз ба? Сіз сыныптағы оқушылардың сабаққа деген ынтасының төмендеп жатқанын байқасаңыз, жағдайды өзгертуге тырысуыңыз керек. Сыныптағы мотивацияны ұстап тұру үшін әртүрлі әдістерді қолданған жөн. Назарларыңызға оқушылардың оқуға деген ынта-жігерін арттыруға арналған бірнеше кеңесті ұсынып отырмыз.

1. Оқушыларға таңдау еркін беріңіз. Балаларға ынта-жігер берудің ең жақсы тәсілі – оларға таңдау еркін беру. Оқушыларға тапсырма бере отырып, олардың өз еркімен таңдауы үшін бірнеше нұсқаны ұсыныңыз. Білім алушылар нені және қалай оқитындарын өздері таңдап алса, ішкі дүниесі жігерленеді.

2. Оқушылармен әңгіме-дүкен құрыңыз. Оқушылар құрдастарымен қарым-қатынасқа түскенде, олар сол іс-әрекетке қызыға түседі және қандай да бір іс-әрекетпен айналысқанда, мотивацияға ие болып, зерікпейді. Мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауына септігін тигізетін әдістерді (мүмкін, кооперативтік оқу топтары) неғұрлым көп қолданса, сыныптағы мотивация деңгейінің көтерілгенін айқын байқауға болады.

3. Басқа ортада білім беру. Кейде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін білім алушыларды олардың үйреншікті ортасынан басқа бір қызықты, жаңа орынға алып бару қажет. Табиғат аясында немесе таза ауада сабақ өту арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға болады.

4. Балалардың барлық қабілетін дамытыңыз. Әр бала сабақты әртүрлі оқиды, сондықтан әр оқушының қабілетін барынша аша білсеңіз, оқушыларды мотивациялай аласыз. Әрбір оқушының оқуға ынтасын арттыру үшін сабақ пен өзіңіздің басқарушылық әрекеттеріңізді дифференциялауды ұмытпаңыз.

5. Білім алушылардың алдына мақсат қоюына көмектесіңіз. Балаларды мотивациялаудың жақсы тәсілдерінің бірі – бірнеше қолжетімді мақсаттар қоюларына мәжбүрлеу. Оқушылардан өздері қолжеткізгісі келетін бірнеше оқу мақсаттары туралы ойлануларын сұраңыз. Мысалы, математика пәні бойынша тесттен жоғары баға алу немесе көбейту кестесін толық жаттау және т.б. Кейін оларға осы мақсатқа қолжеткізетін уақытты белгілеңіз. Мақсаттар – балалардың ішкі ерік-жігерін арттыруға көмектесетін бірегей тәсіл.

6. Сыныпта достық жарыстар ұйымдастырыңыз. Балалардың шағын бәсекелестікті ұнататынын жоққа шығаруға болмайды. Оқушылардың өз қатарластарымен бәсекеге түсуі арқылы олардың сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік бар. Балаларды екі топқа бөліп, жарыс ұйымдастырыңыз. Қызықты жарыс ойынында қолдануға болатын оқу материалының кез келген түрі білім алушыларды мотивациялауға септігін тигізеді.

7. Қадағалауды азайтыңыз. Балаларды бақылауда ұстауды барлығы жақсы көреді. Оларды қадағалаудың деңгейін төмендетіп, оқушыларға еркіндік беріңіз. Мысалы, оқушыларыңыздың тестті қайда шешетіндерін немесе кітапты қайда оқитындарын өздері шешуіне мұрсат беріңіз. Сіз тіпті олардың тестті қалай тапсыратындарын (бірнеше таңдау, қысқа жауап және т.б.) немесе олардың нені оқитындарын өздері бақылауына рұқсат етіңіз.

8. Сабағыңызды олардың өмірімен байланыстырыңыз. Сонда шәкірттеріңіз нені үйреніп жатқандарына мән беретін болады. Үйретіп жатқан ілімді олардың өміріндегі болып жатқан жағдайлармен сабақтастырыңыз. Жаңадан алған білімді олардың үйренген дүниелерімен байланыстырыңыз.

9. Ынта-жігер берудің ең үздік тәсілі – оқушылардың бірдеңені асыға күтуіне мүмкіндік беру. Бұл экскурсияға шығу, бір оқиғаны мерекелеу немесе үй тапсырмасынан босату сияқты әрекеттер болуы мүмкін. Оқуға ынтасы жоқ сынып үшін бірдеңеге қол жеткізу – үлкен мотиватор болып табылады.

bilim-all.kz

695 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Ернар Алмабек
Қосылған күні: 11 ақпан, 11:26
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...