Болам деген баланың...

Болам деген баланың...

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы...» Бойындағы өнерімен жұртты таңғалдырған, тарихта қайталанбас дүниелер жасап мақсатты әрекетімен әлемді өзгерткен жандар аз емес. Сол өнертапқыштар қатарында балалар да бар. 

Джек Андрака 15 жасында қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бала кезінде отбасына жақын достарының бірі асқазан безі қатерлі ісік ауруынан көз жұмады. Бұл жағдай оның онкологиялық ауруларды анықтау тарихында төңкеріс жасауына түрткі болды. Джек құрастырған тест түрі өзгелеріне қарағанда арзанырақ және ауру белгілерін анықтау мүмкіндігі жоғары. 

Энн Макосински 2013 жылы 16 жастағы канадалық оқушы аккумулятор батареясын, электр тогын қажет етпейтін қолшам ойлап тапты. Бұл теңдессіз туынды дене жылуын жарыққа айналдырады. Аталмыш құрылғыны құрастыру үшін жеткіншек 26 доллар ғана жұмсаған. 

Анна Франк – алпысқа жуық тілге аударылып, әлемдік бестлерге айналған «Анна Франктың күнделігі» кітабының авторы. Небәрі 14 жастағыеврей қызының Нидерландта еврей халқын жаппай қудалау кезінде отбасымен бірге көрген қиыншылықтары, арман-тілек, мақсаты жазылған күнделігі 1952 жылы кітап етіп шығарылды. 

Боян Слат – «Ocean Cleanup» жобасының авторы. Әлемде жыл сайын шамамен 300 миллион тонна пластикалық өнімдер қалдыққа айналады. Оның 10 пайызға жуығы мұхит, теңіздерге төгіледі. Аталмыш жоба мұхит, теңізді қоқыстан тазалауға құрылған. Әлемдегі ерекше жүйені Боян Слат 18 жасында құрастырды. 

Әлемде таяқшадағы жемісті мұз балмұздақ 1905 пайда болды. Оны 11 жастағы америкалық Френк Эпперсон ойлап тапты. Балалармен қоса ересектер де құмарта жейтін балмұздақтың шығу тарихы қызық. Қыс мезгілі, Эпперсон жеміс шырыны бар шыны аяқты сыртта ұмытып кетеді. Қатты аяздан жеміс шырыны мұзға айналған. Кездейсоқ пайда болған балмұздақ АҚШ-тағы дағдарыс кезінде басқа адаммен бөлісіп жеуге болатындай, екі таяқшамен шығарылды. 

Дайындаған: Нұржан Әбдіманап

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды