Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / ҰБТ тапсыру керек пе?

ҰБТ тапсыру керек пе?

ҰБТ тапсыру керек пе?

ҰБТ мектеп бітіруші түлектер үшін әрқашан өзекті тақырып болып қалмақ. Өйткені, олардың санасына сіңген түсінік бойынша ҰБТ – олардың өміріндегі маңызды шешімге бастар жол. Бұл сынақтан сүрінбей өткендер қалаған оқу орнына түссе, сүрінгендер жағдайына қарай үлкен арманынан бас тартып та жатады. 

ҰБТ тапсыру керек пе? Біз бұл сұрақты енді мектеп бітіреміз деп дайын отырған болашақ түлектердің өздеріне қойған едік.

Бекзат, Көкшетау
Қанша жерден адам психологиясына әсері зор болады десек те, ҰБТ тапсыру керек. Өйткені, осы уақытқа дейін оқыған оқуымыз бен алған білімімізді сарайлайтын сәт сол күні туады. ҰБТ тапсыру арқылы жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігіміз әлдеқайда жоғары болмақ.

Диана, Атырау
ҰБТ тапсыру бір жағынан керек, енді бір жағынан алғанда керек емес сияқты. Бірақ ҰБТ-ның бұрынғы түріне қарағанда жаңа форматы оқушыға пайдасы көп деп ойлаймын. Қанша жерден қиын болса да, берер пайдасы мол: кім тапсырғысы келсе сол тапсырады, ойлаған ұпайын жинай алмаса қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. 

Арайлым, Астана
Екі емтихан тапсырғаннан гөрі, бір рет ҰБТ тапсырған артық деп есептеймін. Мен үшін ҰБТ тапсырудың қиындығы жоқ. Оған қарсылық білдіруші адамдар, меніңше, өз біліміне сенбейтіндер. Мен үшін ҰБТ – білімім сынға алынатын сәт. Тек дайындалсам болғаны. 

Сұлтан, Атырау
Әрине, ҰБТ тапсыру – міндетіміз. Себебі, 11 жыл бойына алған білімімізді дәлелдейтін емтихан. Бірақ, жаңа форматының шикілігі байқалады. Әсіресе, 3 сағаттың ішінде 5 сабақтан емтихан тапсыру оңай деп ойламаймын.

Мақсат, Семей
ҰБТ тапсыру керек емес. Өйткені, әділ өтетініне күмәнім бар. Сонымен қатар, ҰБТ сенің біліміңді тексереді деп есептемеймін. Тест сұрақтарының қайсысы келетінін білмейсің, өзіңнің біліміңді дәлелдеу қиынға соғады.

Әсел, Орал
Мен – 2018 жылғы түлекпін. Таңдау пәнім – ағылшын тілі. ҰБТ тапсырмаймын деген ой келген емес. Қанша жыл алған білімді әр оқушы тексеріп алған жөн деп білемін. Өз-өзімізді бір сынап алған артық емес. Себебі, бұл – өмірдегі кішкене сынақ. Қанша балл жинасақ та, бұл өмірдің соңы емес. ҰБТ – алға ұмтылуға жігер беретін қозғаушы күш.

Айзада, Атырау
Өз басым тапсыру керек деп ойлаймын. Бірақ биылғы шикілікке қарап, жаңа форматтың әлі піспегені көрінеді. ҰБТ форматын түбегейлі өзгертпей, өзгерісті бірте-бірте енгізген дұрыс болар еді.

Айдана, Тараз
Құрбымның айтуы бойынша "ҰБТ – ұлы біркүндік трагедия". Ал, бұл біркүндік трагедия "болуы керек пе, əлде жоқ па?" сұрағына өз пікірім ҰБТ-ны қолдамаймын. Себебі, оқушыны психологиялық түрде құрдымға жібереді. Мектептегі 11 жылдық алған білімін пысықтап шығу үшін ҰБТ тапсыратын жылы ғана барып дайындаламыз. Ал, 11 жыл оқымаған тақырыпты 1 жылдың ішінде қайталап шығамын деушілердің қарасы өте көп. Енгізілген жаңа форматтағы 11-сыныпты пысықтау мен жоғарғы оқу орнына түсу үшін тапсыратын емтиханын қолдайтындардың қатарынанмын. Оқушы ЖОО-ға барып емтихан тапсырған да ғана əділ өтеді деп білемін.

Сандуғаш, Тараз
ҰБТ-ны міндеттi түрде тапсыру керек деген қатып қалған қағида жоқ. Бірақ ЖОО-да оқығың келсе және өзің армандаған маман иесі болғың келсе, ҰБТ-ны тапсыру ыңғайлы. Кейде кәдімгі ҰБТ-ны тапсыру өте қиынға соғады. Көбіне өтпей қалсам не болады деген секілді сұрақтардан оқушы психологиялық тұрғыдан күйзеліске ұшарайды. Жыл сайын ҰБТ форматы өзгеріп, барған сайын оны тапсыру қиынға соғып жатыр. Дегенмен, мен биылғы бітіруші түлек ретінде  ҰБТ-ны тапсырамын!

Жансауле, Атырау
Меніңше, ҰБТ тапсырудың қажеті жоқ. ҰБТ арқылы білім көрсеткішін анықтауға болмайды. Себебі, қазір оқушылар білімнен гөрі, таныстың көмегіне көп сүйенеді. ҰБТ орнына қарапайым емтихан қойған жөн.

Болашақ түлектердің пікірі осындай. Сіз не дейсіз?

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: syrboyi.kz
Қосылған күні: 28 тамыз 2017, 10:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.