Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Екі ұстаз сабақ берудің жаңа әдісін жасады

Екі ұстаз сабақ берудің жаңа әдісін жасады

Екі ұстаз сабақ берудің жаңа әдісін жасады

Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі ұстазы өзара пікірталасқа түсті. Оның бірі – жасы үлкен, тәжірибелі мұғалім болса, екіншісі – жас ұстаз. Ендеше әңгімелері қалай өрбиді екен?

– Әлемнің қалыптасуына өзінше үлес қосып, бүкіл білім нәрін балаға сусындатып, тәрбие мен ілім қазығын қағушы мұғалім екені бәрімізге белгілі. Әрине, бір мұғалімнің сабағы үлкен еңбекті керек етеді. Оны жоспарлау, балалардың қызығушылығын арттыру, оларға берілетін материалдардың дұрыстығы мен бұрыстығын саралаудың өзіне күш жұмсаймыз. Жыл жаңарған сайын оқытудың әдістері мен талаптары да жаңара түседі. Жас буын ретінде, жас мұғалім ретінде оқушылардың ынтасын арттыратын қандай әдістерді ұсына аласың?

– Өзімізге белгілі, жоспарлау алдында мұғалім өзіне сұрақтар қоюы тиіс. Яғни «Мен сыныпта қалай амандасамын?» деген қарапайым амандасудан бастап, барлық әрекетім жоспарлау арқылы жүзеге асады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің басты ерекшелігі – оқу мақсатының қойылуы. Оқушыларға оқу мақсаттарын айта отырып, күтілетін нәтижеге жету үшін талап қоюға тырысамын. 

– Иә, сенімен толық келісемін. Сонымен қатар, заманауи талапқа сәйкес ментальды карта, SMART, SWOT секілді ой жүйріктігін арттыратын тапсырмалар кеңінен белең алуда. Мысалға оқушыларды топқа бөліп, тақырыпты талқылау, кестемен жұмыс жасау,  балаларларды ойын ашық айтуға үйретеді.

– Технологияның дамыған заманында компьютерлерді кеңінен қолданып білу керек. Сол орайда оқушылардың ойлау жылдамдығы мен әрекеттерінің үйлесімділігін «KAHOOT» ойындары арқылы жетілдіруге болды. Бұл ойында оқушылар интернет көмегімен қатар, күнделікті қолданатын ұялы телефондары арқылы дистанционды түрде тест сұрақтарына жауап бере алады.

– Алайда тек тест сұрақтарына жауап беру баланың білімін көрсетпеуі мүмкін, солай емес пе?

– Әрине, тек тест сұрақтары баланың білім деңгейін анықтауға мүмкіндік бермейді. Алайда сергіту жаттығулары ретінде өткізілген шағын тапсырмалар баланың санасында тақырыпқа қатысты нақты мәліметтерді есте сақтауға көмегін тигізеді. Жылдамдық пен тапқырлыққа үйретеді.

– Шынымен бүгінгі жас оқушыларды таңғалдыру өте қиын. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,-деген екен әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынов. Сонда білімді ұрпақты тәрбиелеу үшін тек оқушы ғана емес мұғалім де ізденіс үстінде жүруі тиіс  болғаны ғой....

– Өте дұрыс. «Power Point» секілді оқу-үйрету құралдарын пайдалану барша мұғалімге тән. Алайда бірдей форматтағы нәрсені пайдалану адамды жалықтырып, үйренуге деген талпынысын төмендетеді. Міне, сол себептен мен кей сабағымда «Prezi» бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймын. Адамды баурай білу де – өнер.

– Мысалы мен үшін балалалардың бәрі өз пікірін білдірсе, өз ойын жетік жеткезе алса сол үлкен жеңіс. Топпен жұмыс кезінде оқушы мүмкіндігіне шектеу қоймау, өзара пікір алмастыру, пікірлерін дәлеледету және бағалау түрлері сабақтың сәтті өтуіне мол әсерін тигізеді. Қазіргі заман талабы - бәсекеге қабілетті бала дайындау. Жоба қорғау, стенд газеттерін қорғау болсын әр баланың кішкене болсын пікіріне назар аударамын. Себебі, баланың психологиялық жағдайы әр түрлі, сәйкесінше қабылдауы мен мінезі де әртүрлі. Сол себептен, олардың ауызша сөйлей алуы маңыздырақ деп есептеймін.

– Алайда бала орфографиялық тұрғыда сауатты болуы керек. Сол себептен, тақырыпқа байланысты эссе жұмыстарын жүргізу де өте маңызды. Яғни, жазбаша және ауызша сауаттылықты қатар бір деңгейде ұстап тұрған да дұрыс. Мысалға, сабақ турасында рефлексия жазғызу оқушыларды ғана емес, мына біздер, мұғалім үшін де өте тиімді. Өзіңнің сабақта жіберген қателігінді білесің, әрі оқушылар үшін қиын тұсты аңғарып, соған көбірек көңіл бөлуге тырысасың....

– Алайда сабақты түрлі формамен және әдістермен толтырып жібереген де дұрыс емес. Олардың бәрін бірден қолдану  оқыту мақсатына жеткізбейтінін де естен шығармаған жөн. Сабақта қолданылатын барлық тәсілдің өзіне тән мақсаты болуы тиіс.

– Өте қызықты әңгіме болды. Берген кеңесіңіз бен бөліскен тәжірибеңіз үшін алғысым шексіз.

– Сізге де рақмет. Заман талап ететін жаңа әдістер үшін алғысымды білдіремін.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: НИШ АТЫРАУ
Қосылған күні: 01 шілде 2017, 12:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.