- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Бала күнінде биікті...
Бала күнінде биікті бағындырғандар
"Баланың ісі – шала" дейміз. Дегенмен шалалықтың бәрі ілім игеруге кері әсерін тигізбейді. Жастайынан өнер мен өнерді ойлап табуға бейім балалар бар. Олардың ойлап тапқанын ең мықты ғалымдардың өзі ойламауы мүмкін. Сонымен өнертапқыш балалар туралы мақаланы оқи отырыңыздар.
17 қаңтар – балалар өнертабысы күні. Иә, әлемде орындай мереке бар. Бұл мереке танымал америкалық саясаткер Бенджамин Франклиннің туған күніне орайластырылып қойылған.
1718 жылы 12 жасар Бенджамин жағажайға балықтың желбезегіне ұқсас нәрсе алып келеді ойнауға. Құрдастары бұл нәрсенің не үшін екендігін білмеген соң, оған күлген көрінеді. Алайда Бенджамин сол күні өзінің құрдастарына қарағанда суда әлдеқайда алысқа жүзген.
Ал 15 жасар Бенджамин тағы бір өнертабысты ойлап табады. Бұл – кресло-тербеткіш болатын. Әжейлердің сүйікті орындығына айналған мұндай дүниені он бес жастағы бала ойлап тапты деп кім ойлаған.
Сондықтан да балалар өнертабысына арналған бұл күнді Франклиннің құрметіне атаған.
1824 жылы 15 жасар етікшінің баласы Луи Брайль көзі көрмейтіндерге арнап қаріп ойлап тапқан, ғылымды бұл Брайль қарпі деп аталады. Бұл бала 5 жасында әкесінің пышағына байқамай құлап, екі көзінен айырылған екен. Алайда Луи өзі ойлап тапқан қарпін пайдала отырып сауатын ашқан. Ал бұл қаріпті әлі күнге дейін бүкіл әлем пайдаланады.
Ал 11 жасар америкалық Фрэнк Эпперсон «жеміс мұздығын» ойлап тапқан. Бірде Фрэнк өзінің ішіп отырған лимонадын далада ұмытып кетеді. Таңертең байқаса, сусыны мұз болып қатып қалған, ал жеп көрсе тәп-тәтті. Содан бала сусынды мұзға айналдыратын өнеркәсіп ашып, миллионерге айналған.
1926 жылы Бенни Бенсон Аляска мемлекеттік Туының эскизін ойлап тапқан. Кейін бұл эскиз Аляска штатының ресми туы болып бекітіледі.
Ал 1930 жылы 16 жасар Джон Ниссон қазір спортта кең қолданылып жүрген батутқа ұқсас секіру құралын ойлап тапқан.
М. Ақан