Массагет порталы ұстаздар мерекесімен құттықтайды

Массагет порталы ұстаздар мерекесімен құттықтайды
Фото: kutbilim.journalist.kg

Қазан айының басы, яғни оның алғашқы демалыс күндері Ұстаздар күні болып аталып өтілетіні баршамызға мәлім. Массагет порталы барша ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтайды!

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. 

Ұрпақ бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаз үлесі орасан.

Осындай атаулы мереке күні осы бір аяулы қызмет иелерінің еңбегіне тың табыстар мен жаңа жемісті белестер тілейміз!

Ардақты ұстаздар, сіздерге деңсаулық, бақ-береке, шәкірттеріңіз биік шындардан көрініп, еңбегіңіз ақтала берсін деген ізгі тілегімізді арнаймыз!

Н. Айдархан