- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Бәрін білгім келеді:...
Бәрін білгім келеді: "Алло" сөзінің шығу тарихы
Адамдар ғасырлар бойы алысқа хабар жеткізудің жолдарын қарастырды. Алғаш қолданған тәсілдер ашық аспан күні от жағу және айнаны күнге шағылыстыру болатын. 1793 жылы Француздық Клод Шапп ашқан хабар жеткізу машинасы "телеграф", - деп аталды. Бұл құрылғының жұмысы иінтіректің (рычаг) қозғалысынан пайда болған белгілерді, сандар мен әріптерді басқа жерге жеткізуі болатын. Осыдан 40 жыл өткен соң электрлі телеграф дами бастады. 1876 жылы Александр Грейам Белл алғаш сым құралдары арқылы хабарласатын телефон ойлап тапты.
Телефонмен сөйлескен сайын айтылатын "Алло" сөзі негізінде бір қыздың (телефонды ойлап тапқан Александр Грейам Беллдың сүйіктісі) қысқартылған есімі. Қыздың толық есімі – Алессандра Лолита Освалдо. Грейам Белл телефонды ойлап тапқанда алғаш телефон желісін сүйіктісінің үйіне қарай тартады. Шеберханасында телефон шалынған сайын оның сүйіктісі екенін біліп, телефон тұтқасын көтерер-көтермес "Алессандра Лолита Освалдо",- дейтін болған. Уақыт өте келе сүйіктісінің атын қысқартып "Але Лол Ос",- деп айта бастаған.
Жұмыстары көбейген сайын оның атын әлде де қысқартып, екі буыннан тұратын "Алло", - деген атпен атап кеткен. Беллдің телефон желісін дамытуда, барлық қалаларға таратуда, көптеген тәжірибелермен жұмыс басты болуы сүйіктісін зеріктіре бастайды. Сөйтіп ол одан кетіп қалады. Күндердің күнінде сүйіктісінен хабар келеді деген үмітпен Белл телефоннан алыстамайтын болады. Күн өткен сайын тартылған телефон желісі артып, хабарласатын адамдар да көбейе түседі. Алайда, телефон қоңырау шалған сайын сүйіктісі деп телефон тұтқасын "Алло", - деп ойлап көтеретін болады. Осылайша барлық адамдарға "Алло",- деп кетеді. Кейін адамдар да Александр Грейам Беллдің құрметіне телефон тұтқасын көтергенде "Алло", - деп айта бастайды. Бұл сөз бүгінге дейін жеткен екен.
Дереккөз: balalaralemi.kz
Г. Берік