Жұлдызды қолдан жасайық

Жұлдызды қолдан жасайық
Фото: massaget.kz

Бастауыш сыныпта оқитын кезімізде еңбекке баулу сабағы қызықты өтетін. Өзіміз қолдан жасаған бұйымдар ерекше шаттық сыйлаушы еді. Балалық шақты еске алу не балаларымызды ептілікке, шеберлікке үйрету мақсатында қағаздан жұлдыз жасау жолын ұсынамыз. Бұл жұлдызды тоңазытқышқа, компьютер құрылғыларына жапсыруғаға, жұмыс үстелін сәндеу мақсатында қолдануға болады.

Қажетті құрал-жабдық:
- Түрлі түсті қағаз;
- қайшы;
- қарындаш;
- желім;
- стақан;
- сызғыш. 

Түрлі түсті қағазды алып, бетіне стақанды төңкеріп қоямыз да, қарындашпен дөңгелек кескінін сызамыз.

Дөңгелектің диаметрін анықтау үшін, стақанды сызғышпен өлшеп аламыз. Біздің дөңгелегіміздің диаметрі 8 сантиметрге тең болды, ал радиусы 4 см.

Мұндай тәсілді циркуль жоқ жағдайда дөңгелек сызып,
диаметрі мен радиусын өлшеуге де қолдануға болады.

Дөңгелек жиегінен 4 см өлшеп алып, бірдей 4 сантиметрлік кесінділерге бөліп шығамыз.

Суретте көрсетілгендей бөліктерді сызықпен қосамыз.

Сызықтарды айқастыра біріктіре отырып, суреттегідей кескін шығарамыз.

Жиектерін қиып, он екі бұрыштық фигура аламыз.

Сызықтар бойынша ортасынан бүктейміз.

Бұрыштарын біріктіргенде жұлдыз пайда болады.

Жұлдыздың бұрыштарын желімдеп, жапсыруға дайындаймыз.

Өз қалауыңызша жапсырып, жұмыс үстелін, тоңазытқышты не өзге нәрсені сәндесеңіз болады.

Г. Берік