Ешкімнен ешқашан қарыз алмаңыз

Ешкімнен ешқашан қарыз алмаңыз
Фото: tawhiddin.wordpress.com

Ересек адам жастарға өзі кезінде ескермей қалған нәрселерінен сабақ айтады. Сіз де уақытты қайтара алмай, қапа болып жүргіңіз келемесе, айтылған кеңеске дер кезінде көңіл бөліңіз.

1. Богдан Титомир айтпақшы: «Ішпе, шекпе, қалғандарының бір реті болады». Осыған сеніңіз. Есірткіні ойыңызға да алмаңыз.

2. Өзге шешімі жоқ тым қиын жағдай болмаса, ешкімнен ешқашан қарыз алмауға тырысыңыз. Бизнеске де, көлік алуға да, телефон алуға да, қызға сыйлық жасауға да – ешқайсысына. Ақша жоқ па – басқа жолын қарастырыңыз. Несие – жоқшылықтың алғашқы сатысы. Егер алып қойған болсаңыз, тез арада қайтарып, келесіде қайталамаңыз.

3. Сізге ешкім де қарыздар емес. Мемлекет те, ата-ана да, достар да, қоғам да «алма піс, аузыма түс» деп отырған адамды қолдамайды. Өзіңіз еңбектенбесеңіз, ештеңеге қол жеткізбейсіз.

4. Өзіңізді бақылауда ұстаңыз. «Бір рет қана өмір сүреміз», «өмірде бәрін көру керек» деген секілділер жақсы сөз емес. iPhone ұстамасаңыз да, жаңа жылды Парижде қарсы алмасаңыз да, ешкімнен кем болып қалмайсыз. Қысқасы, ақыл тоқтатып, пайдалы іспен ғана айналысыңыз.

5. Өзіңізді құрметтеңіз. Бұл – бос мақтанға салынып, көрсеқызарлыққа бой ұрыңыз деген сөз емес. Сіздің бағаңыз астыңыздағы көлік пен қолыңыздағы телефон арқылы өлшенбейді.

6. «Ар-ождан», «адамгершілік» ұғымдары ешкімді бейжай қалдырмайды. Адам болыңыз, адамгершіліктің ақ туын арқалып, атыңызға сөз келмейтіндей өмір сүріңіз.

7. Өзгелерді құрметтеңіз. Адамның айналасына көрсетер кішіпейілдігі – басты ерекшелігі.

8. Ешқашан күйгелектенбеңіз. Сыпайылық, сабырлылық, мұқияттылық – әр игі істің бастаушысы.

9. Әр іске үлкен жауапкершілікпен қараңыз. Ондайлар аз, ондайлар құрметке ие.

@. @assel_assanova