"Суретшілер" ойыны

"Суретшілер" ойыны
Фото: www.huffingtonpost.com

Ойынды жүргізуші қағазға 20 сөз жазады. Ол сөздер жекеше түрде, атау септігіндегі зат есім болуы керек. 20-дан артық сөз жазуға да болады. Бірнеше рет ойнай беруге болатын қызықты ойын.

Ойын басталғанда жүргізуші қатысушыларға таза парақшалар мен қарындаштар таратады. Жүргізуші: "Қағазға 20 тор салыңыздар. Менде 20 сөздің тізімі бар. Бірінші сөзді айтамын да, үшке дейін санаймын. Сол мезетте тор ішіне мен айтқан сөзді бейнелейтін сурет салып үлгерулеріңіз керек" деп ойын шартын түсіндіріп өтеді.

Ойын аяқталып, 20 тор көздің барлығын толтырған соң салған суретіңіз не екенін айтуларыңыз қажет. Үш секунд ішінде ойланып, айтылған сөзді сипаттайтын сурет салып үлгеруге жылдамдық реакциясы қажет екені түсінікті. Мысалы, "қоян" сөзі айтылса, екі ұзын құлақ салсаңыз жеткілікті. Бірнеше жолақтар салып жолбарысты белгілеуге болады. Барлық торды толтырған соң, оларға атау жазып шығыңыз.

Келесі ойындарда қиынырақ сөздер беруге болады. Мысалы жалқаулық, денсаулық, мақтаншақ.

Бұл ойынның ең қызық жері - соңында бір-бірінің салған суретіне қарап күлкіге қарық болу.

@. @assel_assanova