- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Ағылшын тілін үйреніп...
Ағылшын тілін үйреніп жүрген балаларға арналған ойын
Ағылшын тілін үйренуде шет тіліндегі материал мәтінін қатесіз оқып, тақырыптарды қайталап, лексиканы шыңдап, мұқияттылықты арттыратын ойындар ұсынамыз. Ол үшін сізге кез келген оқулықтың артындағы екі тілді сөздік не орта мектеп оқушыларына арналған сөздік көмекке келеді.
1. Белгілі бір тақырыпты алып, соған қатысты «А» әріпінен келетін сөздерді табыңыз.
2. Бір мәтін ішінен «L» әріпінен басталатын зат есімдерді және етістіктерді табыңыз.
3. «D»-ден («H», «R», «M», т.б.) келетін зат есімдерді (етістік, сын есім, есімдік) табыңыз.
Іздеп табуға уақыт шектеулі, яғни белгілі меже ішінде орындап бітіруіңіз керек. Тапқан сөздеріңіз саналып, қорытынды шығарылады. Мұны бірнеше оқушы жарыс ретінде өткізуге де болады. Соңында тапқан сөздеріңізді дауыстап оқисыз, қате жіберсеңіз, ұпай қосылмайды.
@. @assel_assanova