- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Дұрыс конспектілеудің 3...
Дұрыс конспектілеудің 3 әдісі
Мектеп, университет қабырғасында дұрыс конспектілеуді үйрену керек. Себебі, конспектілеуді білсеңіз тақырыпты жетік меңгеріп, ақпаратты дұрыс жеткізе аласыз.
Дұрыс конспектілеудің 3 әдісін ұсынамыз:
♦ Қағазды 4-ке бөліңіз. Әрқайсысына логикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты сөздерді жазыңыз. Бұл әдісті Билл Гейтс пайдаланады.
♦ Корнелла әдісі. Бұл әдіспен америкалық студенттерді оқытады. Қағазды 3 бөлікке бөліңіз. Ең үлкені – дәрісті жазуға арналсын. Сол жақтағы кең аумағына – постфактум, сурет, белгілерді салуыңызға болады. Ал қалған аумаққа – мәтініңіздің қысқа мазмұнын екі-үш сөйлеммен жазыңыз.
♦ Менталды карталар әдісі. Бұл әдісті Тони Бьюзан ойлап тапқан. Ол тізім, схема мен таблица жасаудың орнына лианаға ұқсас келетін суреттерді салуды ұсынады. Басты тақырып ортаға жазылып, одан кілт сөздері бар бұтақшалар тарайды. Неғұрлым әдемі, ашық әрі қызықты болып салынған сурет болса, соғұрлым жақсырақ есте сақталады екен. Бьюзан менталды карталарды тек сабақ оқу үшін емес, күнделікті жоспарлауға да пайдалануға болатынын айтады.
Сурет: kakprosto.ru
Оқи оқырыңыз:
Өз жетістігіңізді жинақтап, бағалай біліңіз
Мамандықтың бәрі жақсы: Кадрларды басқарушы
Мамандықтың бәрі жақсы: Стилист-имиджмейкер
Мамандықтың бәрі жақсы: Журналист
Ф. Абилова