Балалар шығармашылығына арналған «Ер ерлігі – ел есінде» атты республикалық онлайн байқауға шақырамыз!

Балалар шығармашылығына арналған «Ер ерлігі – ел есінде» атты республикалық онлайн байқауға шақырамыз!

Ұлы Отан соғысының 70-жылдық Жеңісіне арналған «Ер ерлігі – ел есінде» атты балалар шығармашылығына республикалық онлайн байқау жарияланды. 

Байқау Мәдениет Басқармасының қолдауымен «Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мекемесінің, Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газетінің, И. А. Крылов атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының және Мassaget.kz танымдық, ойын-сауық порталының ұйымдастыруымен өтеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

1. Халықтың Ұлы Отан соғысында, майдандағы және еңбек тылындағы ерлігі туралы естелікті балалар мен жасөспірімдердің жадында сақтау. Өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, еңбек және соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету.

2. Кітап, Кітап оқу, Кітапханалардың қоғамдағы беделін арттыру.

3. Оқырмандардың кітапқа қызығушылығын ояту, қалалық кітапханаларға жаңа оқырмандар тарту.

4. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту, белсенді және шығармашыл оқырмандардың аумағын кеңейтіп, өз еркімен ізденіп жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау.

Байқаудың өту мерзімі:

1. Байқау 2015 жылдың 23 ақпаны мен 23 сәуірі аралығында өтеді.

2. Байқауға қатысатын шығармалар 2015 жылдың 23 сәуіріне дейін pobedamai_1945@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

3. Келіп түскен шығармалар Мassaget.kz танымдық, ойын-сауық порталында ашық түрде жарияланып отырады.

Байқаудың шарттары:

1. Байқауға 7 мен 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатыса алады (1- 11 сынып оқушылары).

2. Қатысушы тек бір ғана номинация бойынша қатысады.

3. Байқауға қатысушы өзі туралы төмендегідей мәліметтерді көрсетуі тиіс:

- Автордың аты-жөні толық;
- Аудан, мектеп нөмірі, сынып, жасы;
- Жұмысының аты (міндетті);
- Автордың өзі тұрақты оқырман болып табылатын және жұмысын өткізген кітапхана атауы.

Байқау бойынша мынадай 4 номинациялар анықталады:

1. «Соғыс балалар көзімен» - сурет салу. Суретті сканерден өткізіп, болмаса, фотоға түсіріп, электрондық поштаға салу керек.

Бұл номинация бойынша 1-4 сынып оқушылары қатыса алады.

2. «Соғыс ардагеріне хат» - эссе-хат (өлең түрінде де рұқсат).

Көлемі 0,5-1,5 терілген бет. Бұған 5-7 сынып оқушылары қатыса алады.

«Суреттерді сөйлетсек...» (фотосурет) – фотосуреттердің электронды презентациясы және сол бойынша қосымша түрде эссе жазу.

Бұл тақырып екі бағытқа бөлінеді және екі бөлек номинация болып есептеледі:

3. «Отан үшін от кешкендер» - соғыс майданына қатысқан ардагерлер туралы Фотосурет презентациясы + осы жайлы эссе;

4. «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» - соғыс кезіндегі тылдағы еңбек ардагерлері туралы Фотосурет презентациясы + осы жайлы эссе;

Үшінші (3) және төртінші (4) номинацияларының шарттары:
- слайд көлемі – 1-5 сурет;
- эссе көлемі – 0,5-1,5 терілген бет;
- қатысатындар: 8-11 сынып оқушылары.

Сарапшылардың жұмыстарды бағалау ұстанымдары:

- Жұмыс мазмұны мен идеясының тақырыпқа сәйкестігі;
- Құрылымы, тілі және стилі;
- Өзіндік ойлану дәрежесі.

Байқау қорытындысы. Жеңімпаздарды марапаттау.

1. Байқауға қатысқан жұмыстарды қазылар алқасы бағалайды.

2. Байқау қорытындысында әр номинациядан жеңімпаздар мен лауреаттар анықталады.

3. Байқаудың жеңімпаздары арнайы дипломдар мен жүлделермен марапатталады.

4. Қазылар алқасының шешімімен әр номинацияда арнайы және ынталандыру сыйлықтары тағайындалуы мүмкін.

5. Үздік суреттер, эссе, электронды презентациялар балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері беттерінде, осы газеттердің электронды сайттарында және ОКЖ сайтында жарық көреді.

Байқауға қатысатын жұмыстарды мына адреске жолдаңыздар: pobedamai_1945@mail.ru

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: 274-82-67, 8775-857-58-31, 8705-769 – 65 – 87

Мassaget.kz порталының оқырмандарын байқауға қатысуға шақырамыз!

Сурет: aktorebek.wordpress.com

Н. Айдархан