- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Жақсы староста болғыңыз...
Жақсы староста болғыңыз келе ме?
Староста дегеніміз – өте белсенді, батыл, ұстаз бен оқушылар қарым–қатынасын нығайта түсетін адам. Төмендегі бірнеше ережені бұлжытпай орындау арқылы оның қызметін дұрыс атқаруға болады.
♦ Тәртіптің жақтаушысы болыңыз. Сынып старостасы өзгелерге үлгі болуы керек. Сол себепті сабақтан қалмауға тырысыңыз. Қалған жағдайда ұстазыңызбен, сыныптастарыңызбен сөзіңіз жараспай қалуы мүмкін. Мұнымен қатар, сабақ үлгеріміз өте жақсы болуы керек. Мұның сіз үшін тек пайдасы тиеді.
♦ Сабақтан қалған оқушыларды белгілеуге арналған журнал бастаңыз. Себепсіз қалған оқушыларды «ж» әрпімен белгілеп отырыңыз. «Қ» әрпін алдын ала ескерткен болса, «а» әрпін ауырып қалған болса жазыңыз. Әр айдың соңында оқушылардың неше рет сабақтан қалғанын есептеңіз. Артынша осы журналыңызды ұстазыңызға тексертіп, қол қойдырып отырыңыз.
♦ Түрлі іс-шараны ұйымдастыруда көшбасшы болыңыз. Әр мектепте сабақтан өзге олимпиада, спорттық жарыс сындылар болып тұрады. Әрине, мұндай шараны жалғыз қолға ала алмаймыз. Десе де ат салысып көруіңізге болады. Сыныптастарыңызды келе жатқан мейрам туралы хабарландырып, әр оқушыға өз рөлін ұсыныңыз.
♦ Сыныптастарыңызға көмектесіңіз. Старостаның мақсаты – құрдастарының алды болу ғана емес, қиын-қыстау кезеңде қол ұшін бере білу. Кез келген оқушының басында жағымсыз ситуациялар болуы мүмкін. Осындай сәттерде жанжалдың алдын алып, оның тігісін жатқыза білуіңіз керек.
Ал Сіздің ойыңызша староста қандай болуы керек?
Сурет: baq.kz
Оқу жылын сәтті аяқтағысы келетіндер үшін
Оқушы: "Сыныпта көшбасшы болғым келеді!"
Оқушы: "Мектептің маған қандай пайдасы бар?"
Қ. Бүйенбай