- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Ұстазыңызбен сыйыңыз жараспай...
Ұстазыңызбен сыйыңыз жараспай жүр ме?
Қарама-қарсылық бар жерде түсініспеушілік туындайды. Ал сіз бен ұстазыңыздың арасында қандай түсініспеушілік болуы мүмкін? Сіз өзіңіздің тұлға болып қалыптасқаныңызды, ер жетіп, өз бетіңізше шешім қабылдай алатыныңызды көрсеткіңіз келеді. Ал ұстаздарыңыз өз кезегінде сізбен кішкене баламен сөйлескендей қарым-қатынас жасайды.
Сұрағыма шын жауап беріңізші. Өзіңізді есейдім деп санауыңыздың себебі неде? Мүмкін сабақтан қорықпай қашып, ұстаздарға қасқайып қарап тұра білетініңізді айтып жатқан шығарсыз? Себебіңіз осы болса, қатты қателесесіз. Өзіңіздің есейгеніңізді бұл әрекеттеріңіз арқылы дәлелдей алмайсыз. Арадағы түсініспеушілік кикілжіңге әкеліп соқтырып, ата-анаңыз сіз үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл ситуациядан шығуға болады.
Төмендегі ережелерді мүмкіндігінше жүзеге асыруға тырысыңыз:
♦ Түсініспеушілік туындайтын ситуацияларға араласпауға тырысыңыз. Алдымен оған мән бермеуді үйреніңіз.
♦ Сабыр сақтаңыз. Барынша ұстамды болып, дисфемизм сөздерді сөздік қорыңыздан алып тастаңыз. Өзгелерді кемсіту арқылы өзіңіздің тәрбиесіздігіңізді ғана көрсетесіз.
♦ Болған оқиғаға анализ жүргізіңіз. Арадағы кикілжіңді ақыр заманмен теңестірудің қажеті жоқ. Болған нәрсе болды. Сол себепті, ары қарай қандай әрекет жасайтыныңыз туралы жақсылап ойланып алыңыз.
♦ Өзіңізге сеніңіз! Ең алдымен, өзіңіз сенбесеңіз, сізге барлығы күдікпен қарайтын болады.
♦ Өзіңізге адал болыңыз! Қателігіңізді өзгелердің мойнына артпай, айыбыңызды мойындауды үйреніңіз.
♦ Үлкендерге, ата-анаңызға, мектеп психологына арадағы кикілжің туралы айтып, қиындығыңызбен бөлісіңіз.
Ал Сіз ұстазыңызбен ренжіскен кезде не істейсіз?
Оқи отырыңыз:
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды?
Пайызды жылдам әрі ойша есептегіңіз келе ме?
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды#2
Сурет: Виктор Магдеев
Қ. Бүйенбай