- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Құрдастарыңыз сізді ренжітіп...
Құрдастарыңыз сізді ренжітіп жүр ме?
Күнде құрдастарыңыз мазақтап, кейде тіпті жұдырық жұмсайды. Бұл қылықтарын ата-анаңызға айтуға жүрексінесіз, мектепке барғыңыз келмейді. Мұндай жағдайда не істейміз? Сізге тиісулерінің себебі неде?
Шетелде мұндай қиындыққа «буллинг» деген атау берген. Ағылшын тілінен аударғанда «bully» сөзі қорқыту, мазақтау дегенді білдіреді. Яғни бір адамның өзгелерге агрессивті мінез-құлық танытуы. Кез келген ұжымнан, мектептен мұндай қиындықты көруге болады. Өзгелерді мазақтайтын қатал адамдарды қайдан болсын кездестіреміз. Осы әрекеттері арқылы қатарластарынан басып озып, өздерінің беделін жоғарылатқысы келеді. Ал бұл әрекеттерін жүзеге асыру үшін «құрбандар» қажет. Мұндай адамдар болған және бола береді. Олармен тіл табысып немесе қорғанып үйренуіңіз керек.
Не істейміз?
Батыл болыңыз! Сіз оларға лайық жауап қайтарып, орындарына қоя аласыз. Міндетті түрде спорт секциясына жазылыңыз.
Назар аудармаңыз. Олар сізге еш әсерінің жоқ екенін түсінген соң мазаңызды алмауы мүмкін.
Өзіңізді құрбанмын деп ойламаңыз.
Көмек сұрап, сөйлесіңіз! Көп жағдайда оқушылар өзгелердің алдында қорқақ болып көрінемін деп ата-анасына айтпайды. Алайда айтқаныңыз жөн. Сол кезде қолдаушылардың бар екенін сезінесіз. Ең сенімді деген адаммен ғана сырласыңыз. Ол анаңыз немесе мектеп психологы болуы мүмкін.
Мектепте ренжітіп жүрген болса, ұнжырғаңыз түспесін. Ситуацияны өзгертіп, қиындықты шешетін нұсқа міндетті түрде табылады. Іздегеніңіз тілемей-ақ табылуы да ғажап емес. Сіз де табасыз.
Осы мәселеге қатысты Иззи Колмен өзінің кітабында жақсы кеңестер берген. Кітабы «Өзіңізді мазақтамау мен қинамауға қалай қол жеткізуге болады» деп аталады.
Ал Сіз мұндай ситуацияда не істейсіз?
Сурет авторы: Инесса Шлапак
Қ. Бүйенбай