Мектепте оқудың пайдасы қандай?

Мектепте оқудың пайдасы қандай?

Бірі жақсы баға алу үшін оқыса, екіншісі ата-анасын ренжітпеуді жөн көреді. Ал үшіншісі жаңа бір нәрсе үйрену үшін оқиды. Мектепте оқуға мәжбүрлейтін өзге де себептер болуы мүмкін. Алайда не үшін барлығымыз мектепте оқуға міндеттіміз? Бұл сұрақтың жауабын өзіңіз табуыңыз керек. Біз бар болғаны мектепте оқудың пайдасы туралы бірнеше дерек келтіреміз. Олар төмендегідей:

♦ сіз жаңа достар тауып, олармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік аласыз;

♦ жасы үлкен ағалар мен әпкелердің адында өзіңіздің көзқарасыңызды қорғауды үйренесіз;

♦ күшіңізді тексеріп, өмірден алғашқы сабақ аласыз;

♦ күн өткен сайын барлығын өз бетіңізше жасауды үйренесіз;

♦ көп ақпарат біліп, олардың ішінен өзіңізге керегін аласыз;

♦ ғылым немесе өзге салаға қатысты білім алып, нәтижесінде қалаған мамандығыңызды игере аласыз;

♦ мектепті бітірген соң орта білім туралы құжат алып, ЖОО-ға тапсырасыз;

♦ қиындықтарды жеңе білетін тұлға болып қалыптасасыз.

Көз алдыңызға демалыс күндері саяхаттауға шығатыныңызды елестетіңіз. Сізде көлік пен велосипед бар. Сіз велосипедті таңдайсыз. Өте жақсы таңдау! Көлік жүргізу куәлігі қажет емес. Қалаған бағытыңызға жүре аласыз, әрі жол жүру ережесін білудің де қажеті болмайды. Бірақ тепкішекті айналдырудан жылдам шаршайсыз. Мұнымен қатар, үйге оралуыңыз керек. Сол кезде көлік қана қалады. Алайда көлікті тек 18 жасқа толған соң ғана айдай аласыз. Ал бұл үшін арнайы оқуыңыз керек. Жол жүру ережесін меңгерген соң көліктің қызығын көресіз. Сол секілді мектептің де қызығын бітірген соң көресіз. Ал оны жарты жолдан аяқтамай кетсеңіз, жағдай басқаша болады.

Ал Сіз мектепте оқудың қандай пайдасы бар деп ойлайсыз?

 Сурет авторы: Инесса Шлапак

Қ. Бүйенбай