- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Оқушы қыздардың ханшайымға...
Оқушы қыздардың ханшайымға айналуы
Мектепте оқып жүрген «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс батыр» жырларындағы Гүлбаршынның, Жібектің, Баянның, Ақжүністің, Құртқаның сұлулығы баяндалған жолдарға назар салыңызшы. Барлығы да керемет. Ақылдары мен көркі бір-біріне сай. Қыз баласына тән инабаттылық пен ұяңдық, қажет болса, қайсарлық та бар. Бүгін де дәл осындай ханшайымдарымыз кездеседі. Бірақ, олар басқа кезеңде өмір сүріп отырғандықтан, бойындағы асыл қасиеттерін басқа ортада көрсетеді. Олай болса, қарапайым қыздан қалай ханшайымға айналуға болатындығын талдап көрейік.
Өзіңізді ханшайымдай сезініңіз
1. «Мархабат», «әрине», «рақмет» сынды сөздерді айта біліңіз. Сізге бұл сөздердің өзгелерге қаншалықты маңызды екендігі білінбейді, алайда бір ауыз сөзіңізбен жанды жылытып, қазақы тәрбиеңізді көрсетесіз.
- Сізге көмек көрсеткен адамға әрдайым алғысыңызды білдіріп отырыңыз. Ол алғысыңыз үлкендердің батасындай емес, сыпайы шығуы тиіс. Осылайша оның көмегінің өзіңіз үшін маңызды екендігін көрсетесіз;
- Алғысты дер кезінде айтып үлгермесеңіз, артынша смс хабарлама арқылы жазып жіберуіңізге болады;
- Мұнымен қатар «мархабат», «рақмет» сөздерінің айтылатын орнын да білгеніңіз жөн. Үнемі айтып, адамдар жалықтырып жіберуіміз де ғажап емес;
- Не үшін алғыс айтып жатқандығыңызды нақты айтыңыз. Бұл шынайы алғыс айтып жатқандығыңызды көрсетеді;
2. «Жоқ» сөзін айтуды үйреніңіз. Сыпайылық пен мәдениеттілік дегеніміз сізге ұсынылғанның барлығымен келісе беру деген сөз емес. Ұнамаған ұсыныстан бас тарта біліңіз.
- Әсіресе, бұзық достарыңыз ішімдік пен темекі ұсынса, бірден бас тартыңыз. Бұл өтпелі кезеңде көп кездеседі.
3. Ақылды болыңыз. Ақылды ханшайым әрдайым орнымен сөйлейді. Ол үшін өз қатарластарыңыз қызығатын жаңалықтардан хабардар болыңыз.
- Әзірге мектепте оқысаңыз да, әдеби кітапты көп оқыңыз. Кітап – адамды тәрбиелеудің басты құралы. Ондағы кейіпкерлерден көп нәрсені үйренуімізге болады;
- Интернеттегі жақсы сайттарға кіріп, қызықты мақалалар оқыңыз.
4. Бойыңызды тік ұстаңыз. Нағыз ханшайым жүріп, отырған кезде де бойын тік ұстайды. Мұнымен қатар бойыңызды тік ұстау денсаулығыңызға пайдалы. Жігіттер де, қыздар да бүкірейіп жүретін қыздарды ұнатпайды.
5. Айналадағыларға құрметпен қараңыз. Тек сыртқы көрінісіңіз ғана емес, жан-дүниеңіз де сұлу болуы тиіс.
- Әңгіме барысында досыңызды мұқият тыңдаңыз;
- Сөзін бөлмеңіз;
- Қажет болса, көмектесіңіз. Мысалы, үлкен кісіні жолдан өткізіңіз.
6. Жұрт сізге қарап сүйсінетін болсын.
- Ең алдымен күлімсіреуден бастаңыз;
- Қошемет сөздерді көбірек айтыңыз.
7. Әрдайым ұстамды болуды әдетке айналдырыңыз.
8. Туысқандарыңыздың үйіне қонаққа барсаңыз, кез келген нәрсеге рұқсат сұраңыз.
- «Жаман үйді қонағы билейді» деген сөз тегін айтылмаған. Астарында үлкен мән жатыр.
9. Өзгелерді өткізу үшін есікті ашып тұрыңыз. Әрине, мұндайды жігіттер жасауы тиіс. Алайда, оның ұл ма, қыз ба маңызы жоқ. Есікті өзі ашуға мүмкіндігі болмай тұрған адамға көмектесіңіз.
10. Сабырлы әрі жинақы болып жүріңіз. Ашуыңызды өзге біреуден алуға асықпаңыз. Кез келген жағдайда сабырлылық танытуға тырысыңыз.
Ханшайымға лайық киініңіз. Әрине, Қыз Жібек пен Баяндардай ұзын көйлек киіп, шолпы тақ демейміз. Орнына бүгінге сәнге сәйкес, өзіңізге жарасатын киімдер киіңіз.
1. Жеке гигиенаға мән беріңіз.
- Күнделікті душқа түсіңіз;
-Тісіңізді күніне екі уақыт тазалаңыз;
- Жағымсыз иістен арылу үшін дезодаранттарды пайдаланыңыз;
- Денеңіздегі артық түктерден арылып отырыңыз.
2. Әдемі киініңіз. Бұл - жасыңызға, сымбатыңызға, баратын жеріңізге лайық киіну деген сөз.
- Жараспайтын киім жаңа сатып алынған болса да, кимеңіз;
- Қарапайым киінуге тырысыңыз. Бұл сүйкімдірек көрінуге көмектеседі;
- Мүкіндігіңізше джинс шалбарларды, классикалық үлгідегілермен алмастыруға тырысыңыз;
- Спорттық киімдерді тек жаттығу залына барар кезде ғана киіңіз,
- Белі мен кеуде тұсы ашық тұратын киімдерді мүлдем кимеңіз.
3. Киімдеріңіз таза, үтіктелген болсын.
4. Косметиканы аз пайдаланыңыз. Оны мектепте оқып жүрген кезіңізден бастап пайдалансаңыз, жасыңыз отызға жетпей қартаятын боласыз.
Тамақ ішу мәдениетін үйреніңіз
1. Дастархан басына барлығының отыруын күтіңіз. Әсіресе, дәмханада отырсаңыз. Бірінші кезекте алдыңызға салфетканы төсеңіз.
- Аузыңызда тамақ бар кезде сөйлемеңіз;
- Тамсанған дыбыс шығарып жеудің қажеті жоқ;
-Дастархан басында жөтеліп, түшкірген кезде ауызңызды салфеткамен жабыңыз.
2. Қажет болса, кешірім сұраңыз. Дастархан басынан қайда бара жатқандығыңызды түсіндірместен тұрып кетуге болмайды...
3. Дастархан басында отырған кезде ұялы телефоныңызды шұқыламаңыз.
- Оны «дыбыссыз» режимге қойыңыз немесе өшіріңіз.
4. Тамақ ішіп отырған кезде шынтағыңызды дастархан үстіне қоймаңыз.
5. Тамақты майда бөліктерге бөліңіз.
6. Қолыңыз жететін тағамдарды ғана алыңыз. Немесе біреудің алып беруін өтініңіз.
7. Салфетканы пайдалануды ұмытпаңыз. Саусақтарыңыз бен еріндеріңізді сүртіп отырыңыз. Жеңіл сүртуге тырысыңыз.
Ханшайымның достары
1. Ханшайымның араласатын достары көп болуы тиіс. Сол себепті достарын бір-біріне таныстырып отырғаны жөн. Ол достарыңыздың қай мектепте оқитындығын, ерекше қасиетін айтыңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: ru.wikihow.com
Қ. Бүйенбай