- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Оқушы қыздар несімен...
Оқушы қыздар несімен сұлу?
1. Бет терісін күтіңіз. Таза бет тартымды көрінетіндіктен, күніне 2 рет жуыныңыз. Ағзадағы гормондық өзгерістерге байланысты көптеген жасөспірімнің бетіне безеу шығып, артынша орны қара дақ болып қалады. Олардан арылу үшін сапалы дәрілер қолданыңыз немесе тері дәрігеріне қаралыңыз.
- Сабын көпіріндісімен жуыныңыз;
- Қажет болған кезде күннен қорғайтын майсыз крем жағып жүріңіз.
- Қара нүктелердің алдын алу үшін безеулерді сықпаңыз;
- Арнайы дәрумендер ішіңіз.
2. Шашыңыз әрдайым таза болсын. Алдымен аптасына неше рет жуу керектігін анықтаңыз. Біреулер аптасына 1 рет жуса, екіншілері 3-4 рет жууға тиіс.
- Шашыңызға сәйкес келетін сусабын мен кондиционер сатып алыңыз;
- Табиғаттың сыйын пайдалана біліңіз. Шашыңыз бұйра болса, өзгертуге тырыспаңыз. Бастысы өзіңізге жарасатындай шаш үлгісін таңдаңыз.
3. Тісіңізді күтіңіз. Тісіңізді күніне екі рет тазалаңыз. Оның арасын тазалау үшін жіп немесе сұйық құрал пайдаланыңыз. Сағыз шайнамауға тырысыңыз.
4. Дұрыс тамақтаныңыз. Күніне 2 литр су ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді молынан жеңіз. Судың арқасында теріңіз жарқырай түседі. Ал дәрумендер деніңіздің саулығын қамтамасыз етеді.
5. Денеңіздің сымбатты бөлігін айқындауға тырысыңыз. Оны ашық түсті киімдердің көмегімен жасай аласыз.
6. Табиғи болыңыз. Табиғи қалпыңыздан асқан сұлулық жоқ. Боянуды жақсы көрсеңіз, өзіңіздің табиғи қалпыңызды өзгертпей сұлулық сыйлайтынын таңдаңыз.
7. Тырнағыңызды бояп көріңіз. Демалыс кезінде өзіңізге ұнаған түсін пайдаланып, сабақ уақытында түссіз лакпен шектеліңіз. Оны екі күн сайын жаңартып, арасында тырнағыңызға ауа жұтуға мүмкіндік беріңіз.
8. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын. Қадамдарыңызды нық басып, әрдайым күліп жүріңіз.
9. Жағымды иіс. Өзіңізге ұнайтын әтірді таңдаңыз. Әтіріңізге достарыңыз өз бағасын берсін. Құлағыңыздың тұсына бір-бір рет сепсеңіз жеткілікті болады.
10. Денеңізді түктен тазартып отырыңыз. Мұны душқа түскен соң жасауыңызға болады. Ал қасыңызды ең алғашында мамандарға жұлдырыңыз.
11. Әшекейлер тағыңыз. Ол сақина, алқа, күннен қорғайтын көзілдірік, сағат, білезік болуы мүмкін. Оны киіміңізбен үйлестіре біліңіз. Көлемі барынша кішкене болғаны дұрыс.
12. Киімдеріңізді реттеп, тазалығына мән беріңіз.
13. Қыз баланың сұлулығы қарапайымдылығы мен сыңғырлаған нәзік күлкісінде екендігін жадыңызда сақтаңыз. Өзіңізді әдемі сезінсеңіз, сыртқы ортаға да көрікті болып көрінесіз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: wikihow.com
Қ. Бүйенбай