Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Соңғы парта немесе «ұстаздан қашқан оқушы» психологиясы

Соңғы парта немесе «ұстаздан қашқан оқушы» психологиясы

Соңғы парта немесе «ұстаздан қашқан оқушы» психологиясы

Соңғы парта немесе «ұстаздан қашқан оқушы» психологиясын анықтап көрейік. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар. Бір бөлігі оқушыға байланысты болса, екінші бөлігі ұстазға тәуелді.

Соңғы партаға отыратын оқушы өзін ұстазға «онша» көрінбеймін әрі сабақ оқымасам да болады деп ойлайды. Яғни, сабаққа деген қызығушылығы жоқ. Ол қызығушылықтың жоқ болуына ұстаздың назар аудармауы себеп. Ал тақтаның алдында болып жатқан оқиғалар оған қатысы жоқ секілді көрінеді. Тақтада жазылғандарды оқимын дегенше, көздері жол-жөнекей басқа объектілерге сүрініп, мазасы кетеді.

Мысалы, Айжан мен Дархан қаламға таласып жатыр, Әсемгүл құлаққаппен әуен тыңдап отыр, Жәнібек айналасындағыларға қағаз лақтырып т.б. Басқаша айтқанда, тақтаға жақын отырған бала мен алыс отырған баланың дүниетанымы түрліше болады. Өз саласының маманына айналған ұстаздар бірінші кезекте көру қабілеттерін ескереді, артынша жақсы оқушыларды соңғы парталарға, озат оқушыларды алдыңғы парталарға жайғастырады. Және озат пен үлгерімі нашар оқушыны қатар отырғызғанда ол оқушының досына көмектесетіндігіне де мән беруі қажет.


Соңғы партада отырған оқушыны ұстаздың орнына әкеліп отырғызып таңғалдыруға болады. Ұстаздың орнынан бүкіл сынып толықтай көрінеді. Және бақылау жазу барысында тақырыпты түсінген оқушылар жан-жағына жалтақтамай тапсырмасын бірден орындауға кіріссе, түсінбегендері айналасынан көмек іздей бастайды. Ұстаздар жаңа тақырыпты үлгерімі нашар баланың партасына келіп түсіндірсе, тіпті, партаның үстіне саусақтарын қойып тұрса, оқушының назары түсіндірушіге бірден ауады. Соңғы партада отыратын оқушыларды сабаққа қызықтыруды осындайдан бастауға болады.

Осыдан 10 шақты жыл бұрын, естеріңізде болса, ұстаздардың назары тек алдыңғы партада отыратын оқушыларда ғана болатын. Сол кезде «Алдыңғы партада кім отырады?» десе, «Ең жақсы оқитын, үздік, ұстаздың сүйікті оқушысы отырады» деп жауап қайтаратыны анық. Сол себепті психолог мамандар жоқ дегенде алғашқы тоқсандарда орынды жиі ауыстырып тұруға кеңес береді.

Ал сіз қай партада отырасыз?

Сурет: zhasorken.kz, teriskey.kz

11
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 10 қаңтар 2014, 16:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.