Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Қазақстандағы ең қымбат мамандықтар

Қазақстандағы ең қымбат мамандықтар

Қазақстандағы ең қымбат мамандықтар

Грант иегерлерінің есімдері шығатын уақыт таяп келеді. Мемлекеттік грант пен ректорлық жеңілдіктерге ие бола алмаған талапкер ақылы түрде білім алатыны белгілі. "Курсив" басылымы еліміздегі ең қымбат мамандық түрлерін атады. 

Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының жалпы саны — 124. Басым бөлігі Алматыда (44) орналасқан.  

Әр мамандықтың бағасы университет дәрежесі, білім беру мүмкіндігі мен технологиялық жағдайына, сонымен қатар, орналасқан жері мені оқытушылардың құрамына байланысты бекітіледі. Алматы мен бас қалада орналасқан университет бағалары айтарлықтай жоғары. 

"Курсив" басылымы бакалаврдің күндізгі бөлім бойынша, ең қымбат салаларды көрстекен. Ендеше:

 1-орын – "Құқықтану" / “Заң ісі”

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде (ҚазҰУ) бір оқу жылы 1,5 млн теңге болса, Сүлеймен Демирел атынадағы университетте – 800 мың теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде – 788 мың теңге.

2-орын – "Кеден ісі"

ҚазҰУ оқу орнында оқу ақысы – 1,5 млн теңге. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде 420 мың теңге деп бекітілген.

3-орын – "Қаржы"

Экономикалық салалар талапкерлер арасында сұранысқа ие. Жалпы экономикалық салалардың оқы бағасы бір бірінен аса ерекшеленбейді. Соның ішінде, ең қымбаты "Қаржы" саласы болып тұр. 

Қазақстан-Британ техникалық университеті (КБТУ) қаржы саласы бойынша білім береді. Бірақ, бір жылдық оқу ақысы орта есеппен 2,19 млн. теңге.

ҚазҰУ-нде биылғы оқу бағасы 1,25 млн теңге болса, СДУ-да оқу ақысы. В СДУ 1,23 млн теңге. AlmaU университетінде оқу үшін 1,1 млн теңге көлемінде ақша төлеу керек. 

4-орын– "Есеп және аудит"

Сұранысқа сәйкес бағасы жоғары салалардың бірі – "есеп және аудит". 
ҚазҰУ — 1,25 млн теңге, AlmaU – 1,1 млн теңге,  Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде – 1,04 млн теңге, UIB – 750 мың теңге. 

5-орын – "Экономика"

ҚазҰУ білім алу 1,25 млн теңге болса,  AlmaU – 1,1 млн теңгеге білім береді. "Менеджмент", "Маркетинг", "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарының бағасы да осымен шамалас. Олардың 5-орынға еш қиындықсыз орналастыруға болады.

1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 28 шілде, 14:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.