Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / ҰБТ: Математикаға қалай дайындалу керек? (ұстаздар кеңесі)

ҰБТ: Математикаға қалай дайындалу керек? (ұстаздар кеңесі)

 ҰБТ: Математикаға қалай дайындалу керек? (ұстаздар кеңесі)

Математика – ғылымдардың патшасы.  Емтихан кезінде математикадан сүрінетіндер көп. Математиканы бәрі бірдей түсініп, қабылдай бермейді. Ең қиын пәндердің қатарына да жатқызып қояды. ҰБТ кезінде негізгі пәндердің қатарына енетін бұл сабаққа дайындық жұмыстарын қалай жүргізу керек? Сіздерге математика пәні ұстаздарының кеңесін ұсынбақпыз:

• Математиканы ортасынан бастап түсіну қиын. Сондықтан, 5-сыныптан бастап оқыған жөн.

• ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныпқа көшуді күтпей бастаған дұрыс. Оқушы әркез өзінің әлсіз тұсын жақсы біледі. Бірақ, онымен жұмыстанбайды.  Егер математика қиындық тудырса, онда дайындықты бүгіннен баста.

• А деңгейіндегі есептерді игере алатындай болсаң, бірден В және С деңгейіне ауыс. Уақытыңды жоғалтпа.

• Күніне 1 сағатыңды математикаға арна.

• Арнайы «Шың» кітаптар, оқулықтар және есептер жинағын қолдан. Логикалық есептерді шығар. Уақыт үнемдеудің жолдарын қарастыр.

• ҰБТ – стратегиялық емтихан. Сенің біліміңмен қатар, қабілетің, дағдыларың сынға алынады.

• Мүмкідігің болса, арнайы оқу курстарына жазыл. Тегін оқыған мен ақылы оқудың айырмасы болады.

• Егер сабақ барысында есептер қиындық тудырса, тақтаға шық. Неғұрлым тақтаға жиі шығып, есеп шығарсаң соғұрлым есептерді түсінесің әрі есіңде сақтайсың.

• Қателесуден қорықпа. Қателіктер есептің шығарылу жолын түсінуге көмектеседі.

• Математика уақытпен санаспайды. Егер дайындалуға мүмкіндігіңді жіберіп алсаң, емтиханнан сүрінуің әбден мүмкін.

• Математиканы барлық сала керек етеді. Одан құтылудың жолын іздегенше, онымен жолдас болудың амалын қарастыр.

• Математиканы бар ынтаңмен оқысаң ғана түсінесің. 

1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: vistanews.ru
Қосылған күні: 28 тамыз 2017, 11:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.