Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

IELTS деген не?

IELTS деген не?

Назарбаев Университетіне қабылдану барысында тапсыратын емтихандардың қатарында IELTS та бар.

Жалпы IELTS деген не?

IELTS ( International English Language Testing System) – ағылшын тілінің деңгецін тексеру мақсатындағы халықаралық емтихан жүйесі.

IELTS — сараптамалық емтихан. Бағалау жүйесі бойынша ешкім 0 ала алмайды. Әрине, емтиханға қатыспаған жағдайда ғана 0-дік көрсеткіш көрсетуіңіз мүмкін. Бірақ емтихан қорытындысы бойынша 1-9 балдық жүйемен бағаланады. Өзге елге қоныс аударуыңыз үшін 5-6,5 балл аралығындағы баға жеткілікті, ал жоғары оқу орнына түсу үшін 6-9 аралығында балл керек.

IELTS сертификатының жарамдылық мерзімі – 2 жыл. Бұл уақыттан соң өзіңіздің деңгейіңізді дәлелдейтін емтиханды қайта тапсыруыңызға тура келеді.

87789

IELTS емтиханы 4 бөлімнен тұрады:

1)      Listening

2)      Reading

3)      Writing

4)      Speaking

Listening – тыңдалым арқылы жұмыс жасау. Сіздің тыңдау жүйесі арқылы қаншалықты жұмыс жасайтыныңызды көрсетеді. Шетелдіктер тыңдалымның маңызды екенін айтады. Сондықтан болашақта бұл емтиханды тапсырар болсаңыз, осыған аса қатты мән бергеніңіз жөн.

Reading – оқу арқылы сұрақтарға жауап беруді талап ететін бөлім. Мәтінді қаншалықты түсініп оқығаныңыз, не түйгеніңіз және кілт сөздерге мән бересіз бе, соны аңғаруға мүмкіндік беретін тапсырма.

Writing – жазылым тапсырмасы екі бөлімнен тұрады. Бірі өмірдегі көзқарасыңызды аңғартатын сұрақтардан құралса, енді бірі карта, жол немесе мектептің ғимараты секілді логикалық тапсырмаларды бере отырып сіздің тығырықтан шығар жолды қалай түсіндіретіңізге мән береді. Көп жағдайда екі диаграммаларды беріп, оларды салыстыруды талап етеді.

Speaking – тіліңізді қаншалықты жатық екенін тексереді. Сізден емтихан алатын адам – арнайы Кембридж Университетінің шешімен тағайындалған шетелдік азамат.  Үш бөлімнен тұратын бұл тапсырмаға берілетін уақыт – 15 минут. Сізден кірген бойда атыңызбен қатар, өзіңіз туралы бірнеше мәлімет сұрауы мүмкін. Кейін жауабы жеңіл сұрақтарға көшеді. Екінші бөлімде қолыңызға қағаз бен қалам ұстатып, белгілі бір тақырыпта әңгімелесуді ұсынады. Қағаз бен қалам кілт сөздерді жазу үшін. Үшінші әлемдік тақырыптарды қозғай отыра, өзіндік пікір қалдырасыз.

Емтихан ағылшын тілінде өтетіндіктен, тілдік деңгей көрсеткішін дамытқаныңыз абзал. Емтихан барысында қобалжып отырғаныңызды көрсетпеңіз, әрі өзіңізді тым еркін ұстамаңыз. Өзіңізді бірқалыпты күйде ұстасаңыз тіпті жақсы. Сәттілік тілейміз.

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: British Council
Қосылған күні: 05 шілде 2017, 15:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.