- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ-ның өту тәртібі...
ҰБТ-ның өту тәртібі
ҰБТ меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ағымдағы жылы ЖОО-ға түсуге тілек білдірген жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын ағымдағы жылы меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін өткізіледі.
Түсушілер аудиторияға бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте жеке басын растайтын құжат негізінде түсушінің жеке басы, жасы 16-ға толмаған түсушілердің жеке басы анықтама негізінде сәйкестендіріледі. Содан соң рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырылып тексеріледі.
Тестілеуге кіргізу барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеуге кіргізу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды, аталған түсуші тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеуді өткізу күні таңертең Министрлік өкілі отырғызу парағын басып шығарады.
Түсушілер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсушілердің орнының нөміріне сәйкес қалыптастырылған отырғызу парағындағы нөмірге сәйкес орынға отырады.
Түсушілер отырғызылғаннан кейін Министрлік өкілі түсушілерге емтихан материалдарымен жұмыс істеу тәртібін түсіндіреді. Содан соң Министрлік өкілі аудиториядағы үш түсушінің қатысуымен емтихан материалдары салынған қорапты ашуды ұйымдастырады. Шақырылған түсушілер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Емтихан материалдарын ашу туралы актісі жасалып, қорап ашылады және қораптағы емтихан материалдары саналады.
Тестілеудің аяқталуына қарай немесе тестілеу уақыты аяқталғанда түсуші өзінің орнынан жауап парағы мен кітапшаны Министрлік өкіліне тапсырады.
Жауап парағы мен кітапшаны қабылдау барысында Министрлік өкілі жауап парағындағы барлық қызметтік секторлардың және кітапша мұқабасының толтырылуын тексереді, түсуші аудиториядан шығады.
Министрлік өкілі емтихан материалдарын қорапқа салады және 5 түсушінің алып жүруімен емтихан материалдарын тестілеу нәтижелері өңделетін кабинетке жеткізеді.
ҰБТ аяқталғаннан кейін және апелляция рәсімі өткізілген соң қолданылған кітапшалар жойылады, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰБТ кітапшаларын жою туралы акт жасалады.
Г. Берік