Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Ата-анаға хат

Ата-анаға хат

Сингапур мемлекетінің мектеп директоры бітіруші түлектердің ата-аналарына арнайы хат жолдаған. Аталмыш хат түлектердің емтихан тапсыруына екі-үш күн қалғанда жазылған. Мазмұны осындай хатты әлем мектептері барлық ата-анаға жолдаса нұр үстіне нұр болар еді.

"Құрметті ата-ана! Сіздің балалаңызға жақын күндері емтихан басталады. Сынақтан сүрінбей өтіп, жақсы маман болуын тілейтіндеріңізді білемін. Өте алаңдайтындарыңызды да сеземін. Дегенмен, әрқашан есте ұстайтын нәрселер де бар. Біздің оқушылардың арасында өте қабілетті де дарынды суретші бар. Бірақ ол математикаға ден қоймайды. Жеке кәсіпкер болатын тұлға да арамызда отыр. Бірақ ол үшін тарих пен әдебиет қызық емес. Атақты музыкант та біздің ортадан шығуы ғажап емес. Дегенмен, химияны қажет етпейді. Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнін физикадан артық көретін спортшы да бізден шығатынына сенімім мол.

Балаңыздың жақсы жетістік көрсетіп, оң нәтиже бергені бізге де жақсы. Алайда, олай болмаған күннің өзінде тұлға болу жолындағы өзіне деген сенімін жоюға сеп болмаңыздар. Қандай жағдай болса да, тірегі бар екеніне сенімді болсын. Жай ғана сынақ екенін ескертіп, өмірде одан да маңызды нәрселер барын жиі айтыңыз. Баға көрсеткіштері қай деңгейде болса да жақсы көретіндеріңізді және жазаламайтындарыңызды да үнемі айтып отырыңыздар.

Сіздерге тағы бір өтінішім болсын. Айтылған дүниелерді орындасаңыздар, сіздің балаларыңыз әлемді билеуге дейін барады. Бір ғана баға көрсеткіші бойдағы дарын мен ойдағы арманға еш кедергі бола алмайды. Әлемдегі ең табысты және ең бақытты адам инженер мен доктор деген пікірден арылыңыздар. Бала психологиясына ең қажетті дүние – ата-анасының өзіне сенгені. Балаларыңыздың жеке қабілетіне сенім артыңыздар. Болашақ бәрін өзі сараптайды".

Құрметпен мектеп директоры

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Жутаева
Фото: mistaUA
Қосылған күні: 05 желтоқсан 2016, 14:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.