- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ. Өзгеріссіз не...
ҰБТ. Өзгеріссіз не қалды?
Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 2004 жылдан бастап өткізілді. Осы кезден бері дәстүрлі түрде өткізілетін болды. Биылғы ҰБТ сынағы соңғы рет дәстүрлі әдіспен өтеді. Дегенмен, бұл жылдың өз ерекшелігі бар. Мәселен, талапкерлер екінші рет қайта тапсыра алады. 2016 жылға дейін сақталып келген қағидалармен таныс болыңыздар.
ҰБТ-ға өтініш тапсыру
Жыл сайын наурыздың 10-шы жұлдызынан сәуірдің 25-іне дейін жоғарғы сынып оқушылары ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш тапсырады. Белгілі бір реттілікпен жазылатын өтінішті сынып жетекші немесе мектептегі ҰБТ-ға жауап беретін тұлға жинайды. ҰБТ әр жылдың 1-15 маусым аралығында өтеді.
ЖОО-ға түсетін балл
Жергілікті университет студенті атанғысы келетін талапкер минималды ұпай ретінде 50 балл жинауы керек. Ұлттық университеттерге 70 және одан көп баллмен қабылданады. Ал болашақ медицина қызметкері атану үшін 55 баллдан жоғары жинау керек. Ал негізінде әр пәннен 7 баллдан төмен жинамау қажет.
Сынақ пәндері
Міндетті пәндер деп оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика, екінші тіл ретінде қазақ не орыс тілі және таңдау пәні қойылған. Жоғарғы оқу орнына өтініш тапсырған кезде екінші тіл пәнінен жиналған балл саны ескерілмейді.
Сұрақтар саны және берілетін уақыт
Берілген тапсырмаларды орындау үшін астрономиялық 3,5 сағат беріледі. Әр пән 25 сұраққа негізделген, ал жалпы ұпай саны – 125.
Баллдың бағаға алмасу шкаласы
Баллдың бағаға алмасу шкаласы да өзгеріссіз қалды. 2015 жылдан бастап аттестатқа бағалардың арифметикалық ортасы қойылған болатын. Ал екі ойлы болған орта бағаны дөңгелендіріп қоятын болды. Мысалы, оқушының жылдық оқу процесінде математика пәнінен «бестік» алып келіп, ҰБТ қорытындысында «төрттік» алып қалды делік. Бұрындары ҰБТ-да алған бағаны аттестатқа түсіретін еді. Ал қазір құжатта «бестікпен» жазылатын болды.
Пәндер | «Екілік» баға | «Үштік» баға | «Төрттік» баға | «Бестік» баға |
Қазақ мектептеріндегі қазақ тілі | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Қазақ мектептеріндегі орыс тілі | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Қазақстан тарихы | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Математика | 0 - 3 | 4 - 11 | 14 - 19 | 20 - 25 |
Физика | 0 - 3 | 4 - 11 | 14 - 19 | 20 - 25 |
Химия | 0 - 3 | 4 - 11 | 14 - 19 | 20 - 25 |
Биология | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
География | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Дүниежүзі тарихы | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Қазақ әдебиеті | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Орыс әдебиеті | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Ағылшын тілі | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Неміс тілі | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Француз тілі | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі | 0 - 3 | 4 - 11 | 12 - 17 | 18 - 25 |
Орыс мектептеріндегі орыс тілі | 0 - 3 | 4 - 13 | 14 - 20 | 21 - 25 |
Техникалық құрылғыларды қолдануға тыйым
2016 жылы өтетін ҰБТ-ның мұндай талабы былтырғыдан өзгермеді. Шпаргалка, ұялы телефон, калькулятор және тағы басқа «ақылды» техникаларды қолдануға тыйым салынады. Аудитория ішіндеге гаджет қолданған талапкер сынақтан босатылады. Мұндай жағдайға ұрынып қалса, талапкер ҰБТ-ны келесі жылы қайта тапсырады.
Г. Берік