- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ 2016 жылы...
ҰБТ 2016 жылы дәстүрлі түрде соңғы рет өткізіледі
Келесі оқу жылында ҰБТ тапсыру форматы өзгереді. Осы оқу жылында ҰБТ тапсыру механизмінде өзгерістер болмайды. Бірақ оны бірінші рет қайта тапсыру мүмкіндігі берілген. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов хабарлады.
Биылғы оқу жылында 121 091 түлек мектепті аяқтайды, оның ішінде 86 991 оқушы (қазақ тілінде 63 021, орыс тілінде 23 970) ҰБТ тапсырады.
Нүсіпов 166 арнайы жабдықталған пункте 2-15 маусым аралығында ҰБТ өтетінін хабарлады. 116 пунт аудан мектептерінің ғимаратында, 50 пункт жоғары оқу орындарының ғимараттарында орналасқан. Барлық пункте мемлекеттік комиссия құрылған.
Процедураға қатысатындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әділ әрі ашық ҰБТ өткізу мақсатында дәстүрлі түрде техникалық құралдарды қолдану жоспарланып отыр. Бұл – ұялы байланыс белгілерін жоятын 1399 құрал, 438 металліздегіш, 275 видеотірегіш, 2250 бақылау камерасы",– деді спикер.
ҰБТ қорытындылары дәстүрлі түрде министрлік пен ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады. Ал ҰБТ тапсырудың келесі жылғы нұсқасындағы өзгерістерді Нүсіпов тамыз жиналысында хабарлайтынын айтты.
Дереккөз: tengrinews.kz
Г. Берік