- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Мамандықтың бәрі жақсы:...
Мамандықтың бәрі жақсы: Мәдениеттанушы
Мәдениеттанушы мамандығы қоғамдық-гуманитарлық бағыттың тізіміне жазылады. Бұл мамандықты меңгерігім келеді деген талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуде таңдау пәні ретінде Дүниежүзі тарихы пәнін таңдап, сынақ тапсырады.
Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мәдениеттану – мәдениет және оның институттарын тұтас зерттейтін ғылым саласы. Мәдениеттану мамандығы оқу үрдісіне 1994 жылан бастап ене отырып, Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне міндетті пән ретінде кірді.
Бұл білімді меңгерген түлек:
- мектеп, колледж, лицей секілді жалпы және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының мәдениеттану оқытушысы;
- ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органының арнайы құрылым қызметкері, референт, сараптамашы;
- белгілі бір ұйымның мәдени-ағартушылық қызметкері, БАҚ жүйесінде мәдениет саласы бойынша шолушы;
- мәдени құндылықтарды бағалау сараптамашысы; мәдени жұмыстар аймағының кеңесшісі;
- имиджеолог; қоғамдық байланыстар маманы, мәдени саясат жөніндегі маман және т.б. лауазымдарда қызмет ете алады.
Г. Берік