Латвия ЖОО-ға грант ұсынады

Латвия ЖОО-ға грант ұсынады
Фото: haverest.com.ua

2013 жылы Латвия Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім, ғылым және жастар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Латвия Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2016-2017 жылға білім алу немесе ғылыми-зерттеу мақсатында Латвия жоғары оқу орындарында оқу үшін, сонымен қатар Латвияның жазғы мектептерінде оқу үшін стипендия бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрілігі сайтында жазылған.

Латвия тарапы аталған бағдарлама шеңберінде Қазақстан азаматтарына 6 грантты келесі  бағдарламалар бойынша ұсынып отыр:
бакалавриат – 2;
магистратура – 2; 
докторантура – 2.

Осы гранттар туралы ақпарат алу үшін Латвия Республикасының Білім беруді дамытудың мемлекеттік агенттігінің веб-сайтынан табуға болады: www.viaa.gov.lv

Латвия жоғары оқу орындарында білім алу және ғылыми зерттеу үшін құжаттарды 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін тапсыру керек.

Латвияның жазғы мектептерінде білім алу  үшін құжаттарды тапсыру мерзімі – 2016 жылдың 4 мамырына дейін.

Латвияның жазғы мектептерінде оқу үшін тиісті құжаттар тікелей Жазғы мектепті ұйымдастырушыларға жіберілуі тиіс. Латвияның жазғы мектептері  туралы ақпарат алу үшін Латвия Республикасы Білім беруді дамыту мемлекеттік агенттігінің веб-сайтынан табуға болады.

Қосымша ақпаратты мына сілтемеден ала аласыз.

Г. Берік