Қазақстанда мектеп формасы қандай болады

Қазақстанда мектеп формасы қандай болады
Фото: massagetkz

Қазақстанда міндетті мектеп формасына талаптар енгізіледі. Талаптарды енгізуге мемлекеттік органдардан келісім алу қарастырылып жатыр. Қойылған талаптарды растау және оны мектептерде енгізу мәселелері 2016 жылдың алғашқы тоқсанында қарастырылады.

Ведомствоның мәліметінше, нормативтік-құқықтық актіде республикамыздың мектептерінде оқитындар үшін бірыңғай мектеп формасын енгізу қарастырылмаған.

"ҚР "Білім туралы" заңында уәкілетті органның міндетіне әр мектептің әкімшілігі ата-аналармен бірге таңдаған оқу формасына рұқсат беру ғана кіреді. Заңда уәкілетті органның міндетіне бірыңғай мектеп формасының стандартын енгізу мен жүзеге асыру кіргізілмеген", − деді министрлік өкілдері.

Министрліктің мәліметінше, мектеп формасын шығару балаларға және жасөспірімдерге арналған киім тігумен айналысатын жеке өнеркәсіп ұйымдарының міндеті. ҚР БҒМ мектеп формасын тігумен айналысатын ұйымды таңдай алмайды.

"Мектеп формасын тігетін отандық өндірушілердің мәліметіне сәйкес, бір форманың құны шамамен 15 мың теңге. Белгіленген талаптар бойынша, білім беру ұйымдары мен білім мекемелерінің жетекшілері отандық өндірушілердің мектеп формасын ұсына алады, дегенмен олар оқушыларға форманы күштеп алғыза алмайды. Әрбір білім беру ұйымы мектеп формасын енгізу мерзімін белгілеуге құқылы", − деді ҚР БҒМ қызметкерлері. Белгіленген талаптар бойынша, мектептің қоғамдық ұйымы аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды мектеп формасымен қамтамасыз етуге міндетті.

Ведомство өкілдері мектеп формасын енгізу оқушылар мен олардың сапалы формамен қамтамасыз етілуі арасындағы әлеуметтік, мүліктік айырмашылықты көрсетуге бағытталғанын айтты.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін