Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Қазақстанда келесі жылдан бастап ҰБТ онлайн режимде өтуі мүмкін

Қазақстанда келесі жылдан бастап ҰБТ онлайн режимде өтуі мүмкін

Қазақстанда келесі жылдан бастап ҰБТ онлайн режимде өтуі мүмкін

Қазақстанда ҰБТ-ны онлайн режимінде тапсыру енгізілуі мүмкін. Мұндай пікірді бүгін Астанада ОКҚ кезінде Білім және ғылым министрлігінің басшысы ұлттық бірыңғай тесттерін тапсырудың жаңа жолдарын талқылау кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҰБТ өткізуде сапасы жағынан биыл жаман жұмыс істеген жоқпыз. Бұл жұмысты осы жылы да, келесі жылы да жалғастырамыз. Ал бағалаудың жаңа жүйесіне келсек, біз түрлі жолдарды қарастырамыз, оның ішінде ҰБТ-ны онлайн түрде тапсыруды да қарап отырмыз. Кеше тамыз кеңесінде бақылау жөніндегі комитеттің ҰБТ бойынша жеке емтихандар мен негізгі білім болуы үшін жасап жатқан ұсынысын қарадық. Бұл жұмысты биыл жалғастырамыз", - деді министр Аслан Сәрінжіпов.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшысы алдағы оқу жылының соңында ҰБТ форматының сақталатынын атап өтті. "Әкімшілік басқаруды пысықтаймыз, алайда тест режимінде сынама мектептерінде осы жолдарды сынауды бастаймыз", - деді ол.

Ал баспасөз мәслихатының үзілісінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы ҰБТ-ны онлайн режимде тапсырудың мән-жайын айтып берді. 

"Негізгі компьютерлік тестілеу тапсырмаларын жасап жатырмыз. Оған жаңа стандарттарға сай функциялық сауаттылыққа арналған жаңа сұрақтар кіреді. Сәйкесінше, қағаз нұсқасынан ауысуымыз керек. Бастапқы кезде компьютерлік, ал кейін онлайн режимдегісіне өтуіміз керек. Меніңше, келесі жылдан бастаймыз", - деп түсіндірді Саят Нүсіпов. Оның айтуынша, түлектер емтиханға келіп, тестті компьютер арқылы тапсырады.

Фото: tn.kz
Қосылған күні: 26 тамыз 2015, 15:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->