2015 жылы ҰБТ базасы қаншалықты өзгерді?

2015 жылы ҰБТ базасы қаншалықты өзгерді?
Фото: nur.kz

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2015 жылғы ҰБТ-ның базасы қаншалықты өзгеретінін жариялады», - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.

Тізімдемеде базаның қаншалықты жаңаратындығы пәннің сұранысқа ие болу дәрежесіне байланысты екені айтылған. «2009-2014 жылдардағы ҰБТ нәтижелеріне сәйкес жүргізілген анализдер физика, биология және география пәндерінің ең көп таңдалатынын анықтаған. Сол себепті физика пәнінің базасы 35%-ға, ал география мен биология пәндерінің базасы 30%-ға дейін өзгертілген», - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

- Ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы және химия сынды пәндер өз кезегінде өте аз таңдалады. Сондықтан дүниежүзі тарихының базасы 27%-ға дейін, химияның базасы 21%-ға дейін, ал ағылшын тілінің базасы 20%-ға дейін өзгертілген. Келесі пәндерді ҰБТ-ға қатысушылардың 2-4%-ы ғана таңдайтындықтан, неміс тілі, француз тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті сынды пәндердің базасы тек 7-8%-ға дейін жаңартылған. Ал негізгі пәндер базасының 25-30%-ы жаңартылған, - деп өзге пәндерге жаңа сұрақтардың қандай мөлшерде қосылатынын да хабарлады.

2015 жылғы ҰБТ 2-15 маусым аралығында өтеді. Мұнымен қатар, министрлік мектепті 126 786 оқушының тәмамдайтындығын айтты.

Ұқсас жазбалар:

Жасөспірім өмірін неге қиды?

ҰБТ.Оқу орнын таңдаудан шатаспаңыз

Қ. Бүйенбай