ҰБТ. 2015 жылы қай мамандыққа грант көп бөлінеді?

ҰБТ. 2015 жылы қай мамандыққа грант көп бөлінеді?
Фото: www.kimep.kz

2015 жылы грант бөлу тәртібі өзгеріссіз қалады. Грант оқушыға конкурс нәтижесіне сәйкес беріледі. ҰБТ балымен қатар ауылдық аймақта тұратындығы, отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ескеріледі. Мысалы, ата-анасы қайтыс болған, мүгедек оқушыларға конкурста арнайы жеңілдіктер тағайындалады. Биылғы жылы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысына сәйкес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін мамандықтарға көп көңіл бөлінді. Сонда қай салаға грант көп бөлінеді?

2015 жылы ҰБТ мен кешенді тестілеуден кейін қай мамандыққа тапсыру оңай болады?

Биыл ЖОО грантына ие болуды көздеген оқушы келесідегідей мамандықтарды таңдағаны жөн: көліктер мен көлік құрастыру, азық-түлік өндірісінің технологиясы, мұнай-газ химиясы, теміржол техникасын жасау және электрмен қамтамасыз ету, педагогикалық мамандықтар, мұнымен қатар, бидай, сүт, ет өнімі секілді еліміздің өркендеуіне үлесін қосатын ауыл шарушылығына қатысты мамандықтар, егін шаруашылығы мен суды үнемдеу технологиясы. Ал медицина мен ақпараттық технологиялар мамандықтарына грант аз бөлінеді.

Мемлекет болашақ студенттерге қанша грант бөлуді жоспарлап отыр?

Ақпараттық қызмет орталығының хабарлауынша, 2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 32 788 грант тағайындалған жоба дайындауда. Аталған гранттың 500 орны сырттан оқу бөліміне тиесілі.

Ал Сіз қай мамандықты таңдадыңыз?

Дереккөзі: megamozg.kz

Қ. Бүйенбай