- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ-ға дайынсыз ба,...
ҰБТ-ға дайынсыз ба, талапкер?
Мамыр айы - біреулер үшін қарқынды дайындық уақыты болса, енді біреулер үшін жүрегі тас төбесіне шығып, күйзеліске тап болатын кез. Көп оқушы ҰБТ-ны өмірдің соңы деп түсінеді. Ал өзімізді осы ситуациядан қалай алып шығуға болады? Кезекті материалымызда соны қарастырып көрейік.
Балалар дәрігерінің пікірі: "Күн тәртібінің көмегімен баланың физикалық денсаулығын жақсартуға болады. Балам қалай да болсын грантқа түсуі керек, бір жыл қиналғанда тұрған ештеңе жоқ деген секілді асыра сілтеудің де қажеті жоқ. Тек білімге ғана емес, спорт жаттығуларына да мән беру керек. Мұнымен қатар, тамақты дұрыс ішу мәселесін де ескергеніміз жөн. Көкөніс, жеміс-жидек, ет, балық міндетті түрде болу керек. Йодтың көмегімен мидың қызметін бір арнаға бағыттауға болады. Мысалы, Омега-3 қышқылы мен теңіз жапырағының пайдасы мол. Олар ойлау, логика, назар аудару сынды қасиеттерді ретке келтіріп отырады. Нәтижесінде ақпаратты қабылдау үрдісі мен жауап қайыру құбылысы жылдам іске асады. Логикалық байланыс іздеп отыруға уақыт аз жұмсалады. 11-17 жас аралығындағы балалар күнделікті кем дегенде 60-70 грамм теңіз балығын қабылдау арқылы ми қызметін дұрыстайды. Өкінішке орай, Қазақстан балалары балық жеуге дағдыланбаған. Тек еліміздің Батыс аймағы болмаса. Осының салдарынан Омега-3 қышқылын қоспа ретінде тамақпен бірге жеулеріне тура келеді".
Маңызды! Мүмкіншілігі мен талпынысы зор түлектер үшін ҰБТ болашаққа бағыттайтын трамплин секілді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 15% оқушыны ғана талпынысы зор, болашағы сенімді деп бағалай аламыз. Ал 40% оқушы үшін ҰБТ өте қиын сынақ болып көрінсе, қалған 45%-ы оны алынбас қамалдай көріп, тапсырудан бас тартады. Алғашқы топтағылардың қатарына ену үшін сапалы білім, күйзеліске төтеп беру қабілеті және өзін өзгертуге деген талпыныс қажет.
Оңтүстік Кореядағы тыныштық тәртібі
Аталған елде ҰБТ тапсыратын күні барлығы үшін демалыс жарияланады. Басшылар шу көтермес үшін тұрғындардан қоғамдық көлікті пайдаланбауды сұрайды. Ұшақтар мен тікұшақтар ұшпайды. Мамандар осылайша оқушылардың назарын тек тестілеуге бағыттайтындықтарын айтады.
Мұндай қиындыққа ең мықты деген оқушы ғана төтеп бере алады. Өкінішке орай, Оңтүстік Корея мемлекетінде суицид көп болады.
ҰБТ-да жолыңыз болсын! Іске сәт!
Сурет: kazahstanzaman.kz
Оқи отырыңыз:
2015 жылдың тест тапсырмалары жақын күндері жарияланады
Болашақ мамандығымызды бірге таңдайық
Францияның білім беру жүйесі қандай?
Өз жетістігіңізді жинақтап, бағалай біліңіз