Қытайда қалай білім алуға болады?

Қытайда қалай білім алуға болады?

ZUFE халықаралық білім орталығы - шетелдік студенттерге Қытай тілін меңгеруге мүмкіндік беретін мектеп. Мектепте мамандантыратын курстар бар. Мұнымен қатар, қытай, ағылшын тілдеріндегі қосымша бағдарламалар ұсынады.

ZUFE бағдарламасы әр адамның жеке өзіне ғана тән қасиеттерін ескереді. Аталған бағдарламаның көмегімен Қытай тілін меңгеріп, қаржы және экономика саласында білім алуға болады.

Бакалавриат, бизнес мектебі, тіл курстарына қойылатын талаптар:

- 30 жасқа дейінгі студенттер ғана қабылданады;

- орта білімді растайтын құжат тексеріледі;

- студент экзамен тапсырады.

Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар:

- 40 жасқа дейінгі студенттер ғана қабылданады;

- бакалавр дипломы керек.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Қытай тілі мен мәдениетін оқытуда студенттер деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөлініп, жеке оқытылады. Әр семестр 20 сағаттан 18 аптаға дейін созылады. Студенттің қосымша сабақтарға қатысу мүмкіндігі болады. Қытай тілін жақсы білуіне, қызығушылығына қарай 1-3 сабаққа дейін таңдай алады.

Қосымша сабақтың түрлері:

- тайцзы;

- кунг-фу;

- қытайлық каллиграфия;

- дәстүрлі сурет салу өнері;

- ежелгі Қытай тілі;

- Қытай тарихы;

- Қытай экономикасы.

Оқу 1 семестрден – 2 жылға дейін жалғасады. Көктемгі семестр ақпан айының соңында басталады. Күзгі семестр тамыз айының соңында, қыркүйектің алғашқы бөлігінде басталады.

Оқу бағасы 92 800 теңгеден басталады.

Сурет авторы: Екатерина Лейман

Қ. Бүйенбай