- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ-ға қалай дайындаламыз?...
ҰБТ-ға қалай дайындаламыз?
Ең бастысы - болашақ мамандығымызды дұрыс таңдау. Әрине, әлі қызмет жасап көрмегендіктен, қай салаға баратыныңызды бірден анықтай алмайсыз. Сондықтан түйсігіңізге сеніп, бойыңыздағы ерекше қабілеттеріңізді ескеруді ұмытпаңыз.
♦ Артынша таңдаған мамандығыңызды қай ЖОО-ларда оқытатындығын анықтаңыз.
♦ Кейін ҰБТ-да тапсыратын пәндер тізімін жазыңыз. Әдетте қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих және таңдаған пән бойынша тест тапсырасыз.
♦ Интернеттен өзіңіз таңдаған мамандыққа түсу үшін өту балы қанша болу керектігін анықтаңыз. Жыл сайын мұндай мәліметтер білім сайттарында жарияланады. Және әрдайым өзгеріп тұрады.
♦ Қазіргі және ескі жыл кітапшаларын жинастырыңыз. Күнделікті 2-3 тест орындауды ұмытпаңыз. Артынша орташа нәтижеңізді шығарыңыз. Өз деңгейіңізді осылайша бақылап отырасыз.
♦ Балыңыз бен біліміңізге сәйкес күн тәртібін жасаңыз. Әр пәнге түрлі уақыт кететінін ескеріңіз.
♦ ҰБТ-ға дайындалу үшін ШЫҢ кітаптарының пайдасы мол. Тақырыптық курстан кейін тест тапсырмалары беріледі. Әдетте 860-990 теңге тұрады. Алайда оларды да сіз бен біз секілді адамдар құрастыратынын ұмытпаңыз. Хан қызынан да қателік кетуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Болашақ мамандығымызды бірге таңдайық
Екі аптаға созылған оқушылар байқауы
Есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Оқушы қыздар қандай қателік жібереді?
Сурет: voxpopuli.kz
Қ. Бүйенбай