ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова бүгін Елордада өткен брифинг барысында, техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтарына қосымша 3000 грант бөлінетінін хабарлады.
«Бізде әлі күнге дейін негізгі конкурс бойынша әзірленбеген гранттар бар - шамамен 3 мың. Кейбір мамандықтарға өтініш берушілер болған жоқ, яғни бұл гранттар игерілмей қалды. Бұл гранттар үкіметтің қаулысында бөлек сипатта көрсетілген. Біз оларды ережелерге сәйкес бере алмадық. Сондықтан олар үкіметтің қаулысын өзгерткеннен кейін грантсыз қалған адамдар арасында бөлінеді», - деді білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова.
Министрлік өтініш берушілерге гранттарды алу үшін жеке құжаттарды тапсырудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
«Бұл «Серпін» бағдарламасына арналған квоталық гранттар. Алайда, олар ауылдық жерлерде игерілмеген. Бұл игерілмеген гранттарды техникалық мамандықтарға беру үшін үкіметтің қаулысын өзгерту керек», - деді министр өкілі.
Білім гранты иегерлерінің толық тізімі