Қазақстанның 10 өңірінде гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаттары ашылды.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру барысында айтты.
"Абайдың 175 жылдығы аясында гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаттары желісін құру жұмыстары басталып кетті. Бұл мектептер 10 өңірде ашылды, енді жыл соңына дейін қалған 7 өңірде ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады», - деді министр Фейсбук желісіндегі онлайн есеп беруде.