АҚШ-та қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын атақты адамдар оқу орындарының түлектеріне үлкен өмірге қадам басуларымен құттықтап, ізгі тілектерін жолдайды. Биыл дәстүр басқаша болды: танымал адамдар мектепті іс жүзінде үйде бітіріп жатқан 2020 түлектерін құттықтаумен қатар, оларды қазіргі қиын кезеңнен дұрыс қорытынды шығаруға шақырды.
Билл Гейтс, Microsoft-тың негізін қалаушы миллиардер
– Қазіргі пандемия, дағдарыс сіздердің көпшілігіңізде эпидемиология немесе денсаулық саласынан кету идеясын тудырғаны таңғаларлық емес. Керемет таңдау, бірақ бұл әлемнің дамуына ықпал етудің жалғыз жолы емес. Таяу уақытта саясаткерлер дағдарыстан шығу және оның қайталануын болдырмау туралы бірқатар шешімдер қабылдауы керек болады. Дауысыңызды жоғалтпаңыз, ертеңгі күнді барлық жерде жақсы және жарқын ету үшін дауыс беріңіз.
Билл Гейтс қаржысын қайда жұмсайды?
Есіңізде болсын, мансаптық жол өмір бойы біреу ғана болуы керек емес. Жиырма жасымда мен үнемі бағдарламалау саласында жұмыс істеймін деп ойладым. Мен ешқашан қайырымдылық немесе дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеу туралы ойлаған емеспін. Microsoft корпорациясынан кетіп, қазіргі жұмысымды істеу ойы маған ешқашан келген емес.
Қартайған сайын қызығушылықтарыңыз бен дағдыларыңыз өзгереді. Әрқашан өзгеруге, ашық болуға кеңес беремін. Өміріңізде жаңалық енгізуден қорықпаңыз.
Тим Кук, Apple компаниясының бас директоры:
– Мен Apple-ге 1998 жылы келгенде, жолым болды деп өз-өзіме сене алмадым. Өмір бойы бойы Стив Джобспен бірге жұмыс істеймін деп ойладым. Бірақ өзгеріс кенеттен болады. Мен Стивті жоғалтқан кездегі жалғыздық сезімінің басқалардың өміріне тигізетін әсерінен күшті және ұзақ нәрсе жоқ екеніне көзім жетті.
Мұндай кезде артына қарауға және қиыншылықтарды еске түсіруге күш табатындар – бақытты адамдар. Көбісі нағыз сынақтар мен қайғы-қасіреттің не екенін түсінеді, ал кейбіреулер оны ұмытып кетуге тырысады. Біз жақындарымыздан, достарымыздан жұбаныш іздейміз, бірақ сіздің өміріңізге әсер ететін адамдар туралы да ойлап көрдіңіз бе?
Мысалы, айналасындағылар кінәлайтын, түрткілейтін, бірақ отбасын және сіздің отбасыңызды асырау үшін жұмыс істейтін танылмаған әке туралы ойланыңыз. Түнде азық-түлік дүкеніндегі сөреге азық-түлік жинап жатқан жалғызбасты әйел туралы ойланыңыз. Таңертең келіп сол дүкеннен азық аламыз. Олардың еңбегі болмаса көп нәрсе мүмкін емес еді. Аурухананың еденін жуатын аурухана қызметкерін ойлаңыз, оның жұмысы ғибадатхананы жарықтандыратын жұмысшының еңбегі сияқты құнды әрі қасиетті.
Сапалы білім алғаннан кейін айналаны қалай өзгертуге болатыны жайлы ойландыңыз ба?
Бүгінгі таңда шын мәнінде маңызды мәселе – жақыныңыздың денсаулығы, қоғамдағы тұрақтылық, адамға қызмет ету үшін өмірін қиған дәрігерден бастап қоқыс жинаушының жоғалтуы...
Стивен Спилберг, режиссер:
– Армандар әрқашан үлкен сынақ. Себебі армандар сіздің шешіміңізді сынайды. Сіз кейбір армандардың жүзеге аспай қиял болып қалатынын білесіз. Әрқашан ұмытылмайтын, үнемі есіңізде болатын арман ғана шындық. Нағыз арман адамдар мен қоршаған орта қарсы қойған кез келген кедергіні жеңуге күш береді.
"Индиана Джонс": Ең атақты шытырман оқиғалы фильм экранға қайта оралады
Өзімізді арманымызбен емес, арманымызды өзімізбен толықтыруымыз керек. Бұл сізге ерік-жігер, қорқыныштан арылуға, кез келген кедергіге қарамастан алға ұмтылуға мүмкіндік береді.